Суретші Әділғали Баяндин жазған 7 картина

БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ
7922

Әлемнің үмітіне үрей туғызып, көңіліне қаяу түсіріп, жан әлемін құлазытып тұрған осынау пандемия кезінде "Мәдениет порталы" кішкене болсын жүректерге жылу сыйлағысы келеді. Осы мақсатпен портал ұжымы елге белгілі, өзіндік орыны бар суретшілерге сауын айтып, өздерінің көңілінен шығатын 7 картинасын сұрап, жариялап отырмақ. Бүгінгі суретші Әділғали Баяндин! Мархабат!

Суретші Әділғали  Баяндин

Әділғали Баяндин 1966 жылы 14 желтоқсанда Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Қызылжар ауылында дүниеге келген. Ақтөбе мәдениет-ағарту училищесін (1989), 1994 жылы Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік өнер академиясын бітірген. ҚР СО мүшесі. Халықаралық және республиқалық көрмелерге, конкурстарға, симпозиум мен плэнерге ұдайы қатысушы. Қазір Нұр-Сұлтан қаласында тұрады және сонда еңбек етеді. 

«Көтібар», «Қобыланды», «Тайлақ батыр» кітаптарына жасалған иллюстрациялардың, сондай-ақ «Көтібар батыр» және «Бек әулие» мазарлары жобасының авторы. 

Суретші Ә. Баяндин Қазақстанда, сондай-ақ шетелдерде өткен көптеген көрмелердің, бейнелеу өнері бойынша фестиваль және симпозиумдардың қатысушысы әрі жеңімпазы: 2014 жылы – «Санкт-Петербург қаласындағы Астана күндері» көрмесі; Астана қаласындағы «Қазақстан мұнайы» көрме-байқауы; Алматы қаласындағы Ә. Қастеевтің 110 жылдығына арналған көрме; 2015 жылы – Стамбул қаласындағы «Астана-Стамбул» пленэрі; Италиядағы «Көшпенділер әлемі» байқауы (2 орын). Ә. Баяндиннің жұмыстары Қазақстан, АҚШ, Германия, Корея, Балтық елдері және басқа да мемлекеттердің музейлерінде ұсынылған, сондай-ақ жеке коллекцияларда сақтаулы.

Баяндин кенептері сонау уақыт өткелдері арқылы көрінген сағымға ұқсайды. Жақын түстердің бір-біріне көшуі байқалмайтын, кеңістік шеқарасы тек кейде ғана түсті қалыңдатып жағу арқылы білінетін, жұмсақ жазылған дала мен тау шатқалдарының пейзаждық көрінісі оның кескіндемелік техниканы шебер меңгергенін көрсетеді. Қылқаламының жұмсақ әрі байсалды жағысы арқылы ол өзінің «тып-тыныш» табиғат көріністеріне қоршаған орта тіршілігінің біркелкі сарынын бұзатын адамдар мен жануарлар бейнесін енгізеді. Олар кеңістік пен уақытта бізден алыстап, тұманға сіңіп, тіршіліктің қайта қайталанатын шексіздігінің иллюзиясын жасай отырып, мәңгілік әсерін жеткізеді. Адам өміріндегі құндылықтардың, оның іс-әрекеті мен ұмтылысының таразысы секілді. Уақыт пен Мәңгілік Баяндин кенептерінде көзге көрінерліктей болмаса да автордың ұстанымдарына айтарлықтай әсер етуші ең басты қозғаушы бейне ретінде көрінеді.  

Эпостарға жасаған иллюстрацияларында суретшінің бейнелеу тілі барынша айқын. Ол тек әдеби мәтінді жеткізуде ғана емес, жекпе-жекті, керек-жарақтары мен шайқасты көруде этнографиялық дәйектемелеріне дейін дәл бейнелейді. Баяндиннің «Көтібар батыр», «Бекқұл әулие» мазарлары архитектуралық жобаларының тарихи тұрғыда шынайылығын сипаттайды.

1


Абыз, 70х90 Кенеп, майлы бояу


2

Батырлар жырына иллюстрация, 30х40, акварель, гуашь, кағаз


3

Жеңіс, 80х100 кенеп акрил


4

Кобыланды батыр


5

Қобызшы, 45х65 кенеп, акрил


6

Көш 60х80 кенеп, акрил

7

Шәмші Қалдаяқов, 170х120 кенеп, майлы бояу


Ақындардың 7 өлеңін мына жерден оқып аласыздар



author

Әділғали Баяндин

СУРЕТШІ

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...