"21 мыңнан астам өтініш қабылданды". Тамыз айындағы ҰБТ қай уақытқа дейін жалғасады

Фото: kazlenta.kz

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
883

Елімізде тамыздағы ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) қатысуға 21 мыңнан астам өтініш қабылданды, деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі.

«15 тамызға дейін жалғасатын ҰБТ басталды. Тестілеуге қатысуға 21 мыңнан астам өтініш қабылданды. ҰБТ тапсырғандардың 66%-ға жуығы қазақ тілінде, 34%-ы орыс тілінде, 69 адам ағылшын тілінде тест тапсыруға ниет білдірді» делінген хабарламада. 

ҰБТ-ның бірінші күні 5,7 мың адам емтихан тапсыратыны хабарланды. 

«ҰБТ-2024 нәтижелері бойынша шекті балл жинай алмайтын, бейіндік пәндер сәйкес келмейтін, ҰБТ нәтижелері жойылған талапкерлерге шартты түрде ақылы негізде жоғары оқу орындарына түсуге мүмкіндік беріледі. Одан кейін олар 2025 жылғы қаңтар, наурыз, негізгі, тамызда ҰБТ-ға қатысып, университетте оқуын жалғастыру үшін қажетті шекті балл жинай алады» делінген хабарламада. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

"Елге көмек" қайырымдылық қорының басшысы Ілияс Сариев Бекзат есімді екінші топтағы мүгедек балаға д...

Шоу-бизнес

Тележүргізуші Дана Нұржігіт атақты әлем жұлдызының концертіне қатыспайтынын айтты, деп хабарлады MAD...