"Конституция негіздері": Министр Сүлейменова мектептегі жаңа пәндер туралы айтты

Фото: Pixabay

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
95

Жаңа оқу жылынан бастап мектептерде жаңа міндетті пәндер мен курстар пайда болады. Сонымен қатар цифрлық сауаттылық пен информатика бағдарламаларына жасанды интеллект енгізіледі. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Жаңа пәндер бойынша 5–7 сынып оқушылары үшін "Конституция негіздері" пәні енгізілсе, 8–11 сынып оқушылары "Заң және тәртіп" пәні енгізіледі. Бұдан бөлек, 5–11 сынып оқушылары үшін "Жеке қауіпсіздік" пәні енеді.

"Өзгерістер "Құқық негіздеріне" де қатысты болмақ. Бұған дейін бұл курс таңдау бойынша пән ретінде оқытылса, енді ол барлық мектеп оқушылары үшін міндетті болады. Оның мазмұны да жаңа Конституция ережелерін ескере отырып жаңартылды", - деді Жұлдыз Сүлейменова. 

Сүлейменова жасанды интеллект туралы заңға сәйкес мектептегі екі пәннің атауы өзгергенін хабарлады. "Цифрлық сауаттылық" пәні "Цифрлық сауаттылық және жасанды интеллект", ал "Информатика" - "Информатика және жасанды интеллект" болып өзгертіледі.

Сонымен қатар жасанды интеллектке қатысты тақырыптар 43 оқу мақсатына енгізілді. Жаңартылған бағдарламалар өткен оқу жылында сынақтан өтіп, сарапшылардың оң қорытындысын алды.

Педагогтар үшін жасанды интеллектті қолдану бойынша 19 әдістемелік ұсыным әзірленді.

Министр 12 мамырда Президенттің "Орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектті енгізу жөніндегі шаралар туралы" Жарлығы қабылданғанын еске салды. Оны іске асыру үшін тиісті министрлік басқа да мемлекеттік органдармен бірлесіп, 2026–2029 жылдарға арналған кешенді жоспар әзірледі.

Сүлейменова ауыл мектептерін жаңа технологияларды енгізуге дайындау мәселесіне жеке тоқталды. Оның айтуынша, мектептердегі интернет желілерінің жағдайы тексеріліп, Starlink спутниктік интернетіне қосылу мәселесі шешілген. Жұмыс істеу үшін тиісті әдістемелік нұсқаулықтар дайындалды. 

СПОРТ

ФИФА-ның бас операциялық директоры Кевин Ламур ұйым президенті Джанни Инфантиноны ашық сынағаннан ке...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Меркідегі оқиғаға байланысты шоумен әрі актер Нұрсұлтан Жақсыгеннің әлеуметтік желідегі жазбасы қызу...