ҚазҰУ Студенттер сарайы шатырының неге түнде құлағанын түсіндірді

Фото: ЖИ/MadeniPortal.kz

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
397

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (ҚазҰУ) Алматыдағы Студенттер сарайы шатырының бір бөлігі нелге түнде бөлшектелгенін түсіндірді. Бұған дейін жұмыс орнынан түсірілген кадрлар әлеуметтік желілерде тараған болатын, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. 

ҚазҰУ-дың мәлімдеуінше, ескі шатыр жабынын бөлшектеу жұмыстары 23-інен 24 қыркүйекке қараған түні жүргізілген. Университет мәліметінше, жұмыстар бекітілген реконструкция жоспарына сәйкес атқарылды. 

"Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және оқу процесіне кедергі келтірмеу мақсатында барлық жұмыс түнгі уақытта орындалды", - деп хабарлады ҚазҰУ-дың баспасөз қызметі. 

Университет бұған дейінгі ресми мәлімдемелер мен сұхбаттарда ғимараттың әбден тозғаны және ауқымды жұмыстар жүргізу қажеттілігі туралы алдын ала хабарланғанын атап өтті. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Түркияда 2026 жылғы 1 қарашадан бастап 15 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желілерді пайдалануға...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда 37 жастағы полиция қызметкері Аслан Әлсеровтің қазасына байланысты қозғалған қылмыстық іс б...