Енді баланы басқа мектепке онлайн ауыстыруға болады

Сурет: Inform.kz

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
2528

Енді ата-аналар мен заңды өкілдер eGov.kz порталы арқылы баланы бір мектептен екіншісіне онлайн ауыстыра алады, деп хабарлайды madeniportal.kz «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ  баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жалпы білім беретін ұйымды іздеу және таңдау процесі ата-ананың тіркелген жері бойынша микроаумаққа оңтайландырылған.

«Ата-аналар тек шағын аудандағы мектепті ғана емес, оның шегінен тыс кез келген басқа білім беру ұйымын (егер олардың қалауларына сәйкес келсе) таңдай алады. Қажет болған жағдайда өтініш беруші берілген өтінішті кері қайтарып ала алады», деп хабарлады Ұлттық ақпараттық технологиялар орталығы.

Білім беру ұйымын таңдау үшін:

- eGov.kz порталына кіріп, «Білім» бөліміне өтіңіз;

- Тізімнен «Орта білім» бөлімін таңдаңыз, «Балаларды мектептен мектепке ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау» қызметін таңдаңыз;

- Қажетті жолдарды толтыру және электрондық қолтаңбаны пайдаланып өтінішке қол қою;

Қызмет нәтижелерін Жеке кабинетте көре аласыз.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Таразда кәмелетке толмаған қыздың өзіне қол жұмсау фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Алд...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Үлкен Алматы шыңында 3680 метр биіктікте 2005–2006 жылы туған үш жас таудан өздігінен түсе алм...