Астанада 7-сынып оқушысы Әділхан Рүстемұлы мектеп дәретханаларына орнатуға болатын арнайы жасанды ин...
Алғаш рет оқушыға «Еңбек сіңірген спорт шебері» атағы берілді
Madeniet Portaly
1575
Астаналық оқушыға алғаш рет «Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген спорт шебері» атағы берілді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz
Астана қаласындағы №70 мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы Аңсат Алдияр Исатайұлына «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері» атағы табысталды, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
Бұл мәртебелі марапатты елімізде мектеп оқушысы алғаш рет иеленіп отыр.
Жас шахматшы Алдияр – Қазақстан спортының үкілі үміті мен мақтанышы. Ол әлемдік деңгейдегі беделді жарыстарда қарсыластарын ұтып, бірнеше мәрте жеңіс тұғырынан көрінді. Әлем чемпионаттары мен халықаралық турнирлерде топ жарып, ел намысын абыроймен қорғап, көк туымызды асқақтатып жүрген жас чемпион.