"Қыркүйек" деп жазамын. Бізді солай оқытқан" - Жұлдыз Сүлейменова

Фото: ЖИ/MadeniPortal.kz

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
1030

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова кейінгі күндері әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатқан "қыркүйек" және "қыргүйек" сөздерінің жазылуына қатысты пікір білдірді. Министрдің өзі "қыркүйек" нұсқасын қолданатынын айтты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Үкімет отырысында министрден тоғызыншы айдың атауын "қыркүйек" деп жазу керек пе, әлде "қыргүйек" нұсқасы дұрыс па деп сұралды.

Сүлейменованың сөзінше, бұл мәселе Оқу-ағарту министрлігінің құзыретіне жатпайды. Дегенмен әлеуметтік желідегі пікірталастан кейін ол тіл мамандарының зерттеулеріне жүгінген.

"Бұл сұрақ өзімді де қызықтырды. Ғалымдарымыздың, Рәбиға Сыздықтың ғылыми зерттеулеріне жүгінуіме тура келді. Мен өзім "қыркүйек" деп жазамын. Бізді солай оқытқан", – деді Жұлдыз Сүлейменова.

Министрдің айтуынша, 1980-жылдар мен 2000 жылдардағы зерттеулерде "қыркүйек" нұсқасының қолданысы 93 пайызға жеткен.

Оның пікірінше, "қыркүйек" деп те, "қыргүйек" деп те жазған адамды қателесті деуге болмайды. Ал қай нұсқа тілдік норма ретінде қолданылуы тиіс екеніне ғалымдар нақты нүкте қоюы қажет.

"Егер ғалымдарымыз, Тіл білімі институты "қыркүйек" емес, "қыргүйек" дұрыс дейтін болса, біз ғалымдардың үнін естуіміз қажет. Ғалымдар нүктесін қоюы керек деп санаймын", – деді министр. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Таңбалау жүйесі дәрі-дәрмек нарығындағы жағдайды нақты уақытта бақылап, ауытқулар мен заң бұзушылықт...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандағы коммуналдық қызметтердің құны айына қанша теңгені құрайды және шаршы метр бойынша әр е...