Қазақстанда ата-аналардың балаларын орыс сыныбына беру тенденциясы ұзақ уақыт бойы байқалып келеді....
7-сынып оқушы қауіпсіздікке арналған ақылды жүйе ойлап шығарды
Фото: ашық дереккөзден
881
Астанада 7-сынып оқушысы Әділхан Рүстемұлы мектеп дәретханаларына орнатуға болатын арнайы жасанды интеллектке негізделген камера жүйесін таныстырғанын елорда әкімдігінің ресми сайты мәлімдеді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Жобаның басты мақсаты – оқушылар арасындағы төбелес, әлімжеттік сияқты жағымсыз әрекеттерді дер кезінде анықтап, мектеп әкімшілігіне жедел хабарлау.
Әділханның айтуынша, жүйе үнемі бейнежазба жасамайды. Камера тек күмәнді әрекет белгілері байқалған сәтте ғана автоматты түрде іске қосылады. Сол мезетте түсірілген ақпарат мектептің жауапты қызметкерлеріне бірден жіберіледі.