Қазақстандық оқушылар аттестаттарын қашан алады

Фото: ашық дереккөзден

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
1935

Маусымның 18-і мен 20-сы аралығында білім беру ұйымдарында негізгі және орта жалпы білім туралы аттестаттарды тапсыру рәсімдерін өткізу жоспарлануда, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Сонымен қатар, Білім министрінің бұйрығымен 2024-2025 оқу жылының басталу және аяқталу мерзімдері, сондай-ақ қорытынды аттестаттауды өткізу тәртібі бекітілді. 

Тоғызыншы сынып оқушылары үшін бітіру емтихандары 29 мамыр мен 10 маусым аралығында өтеді. Олар міндетті пәндер бойынша төрт жазбаша емтиханды қамтиды. 

11-сынып бітірушілері үшін мемлекеттік емтихандар 2025 жылдың 30 мамыры мен 16 маусымы аралығында өтеді.Оқушылар бес емтихан тапсырады, оның ішінде біреуі ауызша. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтау қаласында төрт баланың анасы күйеуінің соққыға жығып, қолын сындырғанын айтып, көмек сұраған,...

АЙМАҚТАР

Ар-ождан бостандығы ата Заңымызбен кепілдік берілген ажырамас құқық. Алайда бұл қасиетті ұғымды кейб...