Оқушыларға балтамен жүгірген Құлсары мектебіндегі оқиғадан кейін 6 адам жұмыстан қуылды

Фото: видеодан скриншот

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
190

Биылғы ақпан айында Құлсары қаласындағы мектептердің бірінде болған оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырған еді,  деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Сол кезде бір оқушы қолына балта алып, өзге қатарластарына қарай жүгірген.

Аталған жағдайдан кейін арнайы комиссия мектептегі қауіпсіздік талаптарын тексеріп, бірқатар жауапты тұлғалардың қызметтік міндеттерін тиісінше атқармағанын анықтады. Нәтижесінде алты қызметкер жұмыстан босатылып, тағы 24 адам тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

Облыстық полиция департаменті басшысының орынбасары Ерлан Биғамбаев бұл жағдайға мектеп әкімшілігі мен жекеменшік күзет қызметтерінің салғырттығы себеп болғанын атап өтті. Оның айтуынша, білім беру мекемелері мемлекеттік сатып алу кезінде қауіпсіздік мәселесіне жеткілікті деңгейде көңіл бөлмейді. Егер күзет қызметі өз міндетін дұрыс орындамаса, тиісті шара қолдану үшін сотқа жүгіну қажет. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мәжіліс депутаттары «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заңға өзгерістер енгізуд...

ЖАҢАЛЫҚТАР

«Қызылсай-Манкент» учаскесінде пойызға тас лақтырып, электровоз әйнегін сындырған үш жас...