«Болашақ» стипендиясы иегерлері анықталды

Фото: ЖИ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
457

Қазақстандық 184 азамат биыл «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанды. Сонымен қатар 51 қазақстандық ғалым әлемнің жетекші ғылыми-зерттеу орталықтарында ғылыми тағылымдамадан өту мүмкіндігіне ие болды. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Telegram-дағы парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Республикалық комиссияның шешімі бойынша «Болашақ» бағдарламасы аясында 137 азамат магистратурада, 10 азамат докторантурада білім алады. Ал 37 маман шетелдік ұйымдарда кәсіби тағылымдамадан өтеді.

Бұдан бөлек, «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламасы арқылы 51 қазақстандық ғалым әлемнің жетекші ғылыми-зерттеу орталықтарына барып, өз саласы бойынша тәжірибе жинақтайды.

«Болашақ» бағдарламасының негізгі мақсаты тек қазақстандықтардың шетелдік жоғары оқу орындарында білім алуына жағдай жасау емес. Бағдарлама арқылы Қазақстанға аса қажет салалар бойынша білікті мамандар даярлау көзделіп отыр, – деді министр. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда 5 қыркүйекте ауа райы негізінен құрғақ әрі жылы болады. «Қазгидромет» мәліме...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әнші Ақбота Керімбекова бала кезінде отбасында болған қиындықтарды еске алып, жүрегінде қалған ауыр...