Докторанттардың стипендиясы 500 мың теңгеге дейін өседі

Фото: ЖИ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
153

Қазақстанда докторанттардың шәкіртақысын 2029 жылға дейін 500 мың теңгеге жеткізу жоспарланып отыр. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек құрылтайда өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта докторанттардың ай сайынғы шәкіртақысы 260 мың теңгені құрайды. Соңғы бес жылда оның мөлшері екі есеге өскен.

«Соңғы бес жылда шәкіртақы екі есеге көтерілген. Ол жұмыс жалғасады. 2029 жылға дейін 500 мыңға дейін көтеретін жоспарымыз бар», – деді министр.

Сонымен қатар жас ғалымдарды баспанамен қамтамасыз ету мәселесі де назарда. Саясат Нұрбектің сөзінше, соңғы үш жылда 813 жас ғалым баспаналы болған. 

Қазақстанда докторантураның оқу мерзімі кемінде үш жылды құрайды. Бағдарлама магистратурадан кейінгі білім беру сатысы болып саналады. Оқу барысында докторанттар ғылыми зерттеулер жүргізіп, ғылыми мақалалар жариялайды және докторлық диссертациясын дайындап, қорғайды.

Докторантураның негізгі екі бағыты бар: ғылыми-педагогикалық PhD және бейіндік докторантура. Екеуінің де оқу мерзімі кемінде үш жыл. 

Докторантура түлегі жоғары оқу орындарында оқытушы, ғылыми-зерттеу институттарында зерттеуші, ғылыми қызметкер немесе сарапшы болып жұмыс істей алады.

Сонымен қатар мемлекеттік органдардың ғылыми-талдау бөлімдерінде, түрлі зерттеу орталықтарында және мамандығына сәйкес салаларда қызмет етуге мүмкіндік бар.

Мемлекеттік білім беру грантымен докторантурада оқыған азаматтар оқуын аяқтағаннан кейін кемінде үш жыл жұмыспен өтеуге міндетті. Бұл талапты білім беру ұйымдарында, ғылыми мекемелерде, мемлекеттік органдарда және білім алған бағытына сәйкес басқа ұйымдарда орындауға болады. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда 2030 жылға дейін жолаушылар вагондарының 90 пайызын жаңарту жоспарланып отыр. Бұл туралы...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау қаласының әкімдігінде кезекті кадрлық өзгеріс болды. Бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті...