Колледж студенттерінің шәкіртақысы көбейеді

Сурет: primeminister.kz

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
4297

Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мемлекеттік тапсырысты ұлғайту негізінде белсенді жұмыс жүргізілуде, деп хабарлады madeniportal.kz сайты Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бүгінде Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың айтуынша, 145 мың грант бөлінді, оның 65%-ы техникалық мамандықтарға бағытталған.

Сонымен қатар 1 қыркүйектен бастап колледж студенттерінің стипендиясы өткен жылғы деңгейден 50%-ға артады. Одан бөлек, колледждердің материалдық-техникалық базасы жаңартылуда.

2024 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша, 104 колледждің жағдайы жақсарды, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 64 білім беру ұйымына көбірек.
Биыл колледж студенттері үшін 2 103 орындық 8 жатақхана салу жоспарлануда.

«Бүгінгі күні Павлодар және Түркістан облыстарында 259 орынға арналған 2 жатақхана пайдалануға берілді. Талдау нәтижелері өңірлерде қаладан тыс келген колледж студенттері жатақханалардағы орындармен жеткіліксіз қамтамасыз етілгенін көрсетті. Алматы қаласында, Астана қаласында, Ақмола, СҚО, Алматы облыстарында жатақхана тапшылығы бар», – деп атап өтті Ғани Бейсембаев.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Индонезияның Ява теңізінде жолаушылар кемесі аударылып, 129 адам жоғалып кетті. Оларды іздеуге 600-д...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, солтүстік өңірлерде жаңбыр мен найзағай күтіледі, кей...