OpenAI Қазақстанды жаңа ChatGPT жобасының алғашқы елі ретінде таңдады

Madeniet Portaly

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
793

Мұғалімдер мен студенттерге арналған ChatGPT Қазақстаннан бастау алады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz

ChatGPT платформасын әзірлеген OpenAI компаниясы оқытушылар мен студенттерді оқытуға арналған жаңа буын жасанды интеллект жобасын жүзеге асыру үшін дүниежүзі бойынша бірінші ел ретінде Қазақстанды таңдады. Жоба пилоттық режимде енгізіледі. Бұл туралы Нью-Йоркте ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, OpenAI осы уақытқа дейін арнайы оқытушылар үшін ChatGPT-тің жаңа нұсқасын дайындап келген. Ол оқытушының көмекшісі ретінде қарастырылған: қара жұмысты атқарып, материалдарды талдауға, жинақтауға, іздеуге, курстар құрастыруға, үй тапсырмасын тексеруге жәрдемдеседі.

– Ал студенттер мен оқушыларға бөлек нұсқасы жасалды. Ол қосымша ментор рөлін атқарады. Мысалы, «Темір адамдағы» Джарвис сияқты құрылымдауға көмектеседі, еске салады, жеке дара оқыту мүмкіндігін береді. Ақыры бүкіл академиялық қауымдастықтың үлкен арманы орындалады – оқытуды жекелендіретін құрал пайда болады. Бұл туралы біз көптен бері айтып келеміз. Енді ЖИ арқылы мұндай мүмкіндік туды. Ең бастысы – жаңа ауқымды құралдарды іске қосатын алғашқы пилоттық жоба Қазақстанда жүзеге асады, – деді ол.

АЙМАҚТАР

Қазақстанның 14 облысында 22 қаңтар күні ауа райының қолайсыздығына байланысты дауылды ескерту жария...

Шоу-бизнес

Әнші Наркенже Серікбаева желідегі парақшасында жазбаларымен оқырмандарын ойландырып қойды, деп хабар...