Ауыл мектептері дамымай жатыр ма?

Фотосуреттерді Назарбаев зияткерлік мектебі ұсынды

Жаңалықтар
786

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы ESEN Foundation, BAQ және ANSA қорларының консорциумымен және AMANAT партиясының қолдауымен Ақмола облысының Целиноград ауданында ауыл мектептерін дамыту бойынша жаңа жобаны іске қосты, деп хабарлайды madeniportal.kz тілшісі.

"NIS әрқашан өз тәжірибесін таратуға тырысады, әсіресе біздің назарымызда – ауыл мектептері. Біз балалардың әл-ауқаты үшін отандық мектептердің ішкі әлеуетін бірлесіп дамытып, арттырып жатқанымызға қуаныштымыз", – дейді NIS Басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин құттықтау сөзінде.

Целиноград ауданының Қараөткел ауылындағы мектеп базасында 30 ауылдық білім ошағының директорлары мен орынбасарлары стратегиялық жоспарлау әдістерінің технологияларымен танысты, мектепті дамыту бағдарламасын әзірлеуді үйренді, мектеп бойынша деректер негізінде шешім қабылдау және қабылданған басқарушылық шешімдердің тиімділігін бағалау дағдыларын пысықтады.

Сондай-ақ жоба аясында NIS Педагогикалық шеберлік орталығы Целиноград ауданының мектептерінде педагогердің кәсіби қажеттіліктеріне зерттеу жүргізді, сабақтарды бақылау және жаңа оқу жылында 30 ауыл мектебінің басшылары мен мұғалімдеріне арналған бірнеше біліктілікті арттыру курстарын, семинарлар мен шеберлік сағаттарын ұйымдастырады.

"Назарбаев Зияткерлік мектептерімен бірлескен жобаның нәтижесі бірнеше ауылдық перспективті білім ордалары базасында құрылатын педагогикалық академия болмақ.Оның жұмысы ұстаздардың тұрақты кәсіби дамуына бағытталады. Ол үшін біз NIS Педагогикалық шеберлік орталығымен бірге тренерлерді дайындаймыз", – дейдіESEN Foundation қорының өкілі Камила Башарова.

Жаңалықтар

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова журналистердің сұрағына жауап берді, деп х...

Қоғам

Алматыда баннер орнатып жатқан өнеркәсіптік альпинист 12-қабаттан құлап, қайтыс болды, деп хабарлады...