Тоқаев мектептерге жасанды интеллект енгізу туралы Жарлыққа қол қойды

Фото: MadeniPortal.kz

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
565

Президент мектептерге жасанды интеллект енгізу туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні ендіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды. Құжаттың негізгі мақсаты – еліміздің білім беру жүйесін заманауи технологияларға бейімдеп, оқушылардың сапалы білім алуына жаңа мүмкіндік жасау.

Жарлыққа сәйкес, Үкімет 2026 жылдың 1 шілдесіне дейін жасанды интеллектіні мектептерге енгізудің 2026–2029 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекітеді. Құжатта цифрлық инфрақұрылым, мұғалімдерді даярлау, дербес оқыту тетігі және оқушылардың жеке мәліметтерін қорғау мәселелері қамтылады.

Сонымен қатар, қала мен ауыл мектептері арасындағы білім сапасы алшақтығын азайту үшін пилоттық жоба іске қосылады. Оның аясында мектептер жоғары жылдамдықтағы интернетпен қамтамасыз етіліп, техникалық база жаңартылады.

2026 жылдың 1 қыркүйегіне дейін білім беру жүйесінде жасанды интеллектіні қолдану стандарттары бекітіледі. Сондай-ақ ЖИ мұғалімдерді алмастырмай, олардың жұмысын жеңілдететін қосымша құрал ретінде қолданылатыны айтылды.

Ақорда мәліметінше, жұмыс барысында жасанды интеллект саласының халықаралық сарапшысы Ли Кай-Фудің ұсынымдары ескеріледі. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік маңызы бар құжаттарға өзгертулер енгізгенін жариялады, деп...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысында үш жасар баланы ат таптап кетті, деп хабарлады MadeniPortal.kz.  Қайғылы оқиғ...