Министр жатақхана үшін 100 мың теңгеге дейінгі төлем кімдерге берілетінін айтты

Фото: Pixabay

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
492

Қазақстандық кейбір студенттер жатақханада тұру шығынының өтемі үшін жылына 100 050 теңгеге дейін қаржылай көмек ала алады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Telegram-арнасында жариялады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Бұл өтемақы студенттердің бірнеше санатына қарастырылған. Атап айтқанда, оған: 

  • жетім балалар;
  • I және II топтағы мүгедектігі бар студенттер;
  • бала кезінен мүгедектігі бар студенттер үміткер бола алады. 

Өтемақы мөлшері 29 АЕК-ке дейін немесе жылына 100 050 теңгені құрайды. 

Жарияланымға сәйкес, қолдау тек бірінші курс студенттерімен шектелмейді. Аталған санаттағы студенттер өтемақыны екінші және үшінші курстарда да ала алады. 

Осылайша, студенттердің жатақханада тұру шығынын ішінара өтеуге арналған қаржылай көмек бірнеше жыл бойы беріледі. Бұл шара әлеуметтік осал топтарға жататын студенттерді қолдауға бағытталған. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шығыс Қазақстан облысы Қасым Қайсенов кентінде өткен заманауи көшпенділер фестивалінде 70 жастағы ап...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Индонезияның Ява теңізінде жолаушылар кемесі аударылып, 129 адам жоғалып кетті. Оларды іздеуге 600-д...