Сен мені іздеме... Мен бүгін қаламымды көк сияға малмаймын, өлең де жазбаймын, Темекі тартамын, к...
Талантымен танылған жас суретші – Азиза Түлеубаева
Текебасова Әдемай
Сурет салуға деген қызығушылығы мен арманы оны бала кезінен биікке жетелеп келеді. Бүгінде Азиза Түлеубаева – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 2 курс студенті, болашақ архитектор. 3 жасынан-ақ қылқаламмен сыр шертіп, өнерге жақын өскен бойжеткен бүгінде өзінің талантымен көпшілікті тәнті етіп жүр. Біз Азизамен оның шығармашылығы мен жетістіктері жайлы қысқаша сұқбаттасқан едік.
Таланттыңызды ашуға кім арқау болды?
- Суретке қызығушылығым 3 жасымнан бастау алды. 6 жасымда адамдардың суреттерін сала бастадым,жиі салғаннан қолым жаттыға берді. Әкемнің осы қабілетімді байқауының арқасында, Астана қаласындағы “Юнеско” өнер мектебіне жазды. Өзімнің салған суреттерімді сақтап, альбомға жинау арқылы шабыт алатын едім.
Өзіңіз ұнататын атақты суретші?
- 20 ғасырдың суретшісі Альфонс Муха. Осы кісінің суреттері өнер мектебінде дипломдық жұмысты салуға шабыт берді және сәтті қорғап шықтым.
Қандай қиыншылықтар болды?
- Жалпы сурет салудан қиналмайтын едім, тек уақыт жағынан қиыншылықтар болды.Мысалы, бір суретке 3сағат берілсе, 6сағат салатын едім.Бұл мәселеніңде шешімін таптым, жылдамдыққа салуды үйрене бастадым. Кез келген қиыншылықтың шешімі болады, егер адам шын ниетімен қаласа.
Архитектор мамандығы бойынша қандай жетістіктеріңіз бар?
- Ең үлкен жетістіктерімнің бірі: Индонезиямен конкурсқа қатысып, гран при алдым. Мектепке келсек, сабақты алтын белгіге аяқтап, худошканы қызылға бітірдім, осының арқасында жетістікке жетім отырмын. “Ұлы Дала” журналының бетінде шығып, кейбір суреттерім “Елбасы” музейінде ілініп тұр.
Азизаның өнерге деген құштарлығы мен табандылығы оның бүгінгі жетістіктерінің негізі болды. Бала күнгі арманына адал болып, қажырлы еңбегімен биік белестерді бағындырып келе жатқан Азиза – жас таланттарға үлгі боларлық тұлға. Алдағы уақытта да оның шығармашылығына сәттілік тілейміз!
Сұхбат алған – Текебасова Әдемай.