1 кадрда 230 актер бас қосты: Астанада тұңғыш қазақ тілді jukebox мюзикл түсірілді

Фото: Валерия Мытник, Дизайн Игорь Юг

КИНО
562

2025 жылдың 23 қазанында қазақтың ұлы композиторы Шәмші Қалдаяқовтың 95 жылдығы аясында жаңа мюзикл фильм экрандарға жол тартпақ. Фильм толығымен композитордың әндерімен шабыттана отырып өндірілген, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Фильмнің бас продюсері әрі режиссеры New York FilmAcademy түлегі Санат Шапашовтың мәліметінше, фильм үшін арнайы Ш. Қалдаяқовтың 13 әні симфониялық оркестр сүйемелімен жазылып, саундтрек ретінде ұсынылады. Фильмнің шығармашылық тобына композитордың ұлыМұхтар Қалдаяқов пен келіні Ботагөз Қалдаяқова да қолдау көрсетуде. Бұл режиссердің дебюты. Осыған дейін Санат Шапашов үлкен музыкалық тв жобалар арқылы және «Казахи» КВН командасы резиденті ретінде танымал.

Фильм түсірілімдері үшін арнайы Голливудтың әйгілі кинотуындыларын түсірген инновациялық кинокамера алдырылған. 

Фильм бір айдың ішінде толығымен қазақ тілінде және эпизодтар елорданың көркем жерлерінде түсірілген. «Бақыт құшағында» jukebox мюзиклы үшін бір түсірілім алаңына 230-ға жуық актер бас қосқан ең үлкен массалық көріністер бар. Бұл кадрда бишілер Шәмші Қалдаяқовтың әйгілі әніне би эпизодтарын орындайды. Сонымен қатар, фильмде 80 адам бірден қатысқан массалық көріністер де түсірілген болатын. Арнайы хореограф фильмдегі билерді бір ай көлемінде арнайы қойып, дайындықтан өткізілген. 

Мюзикл қазақ киносы тарихында көрермен үшін мәдени, ақпараттық танымға жол ашатын көркем туынды ретінде өз орнын алады деген сенім бар. Бұл картина еліміздегі креативті индустриясының дамуына дәлел болатын туынды.  Фильмде бірнеше жанр мен бірнеше шығармашылық креативке орын табылды. 

Кинолента  қазіргі қоғамдағы қазақ қыздарының өзекті мәселелері, махаббатқа сенім мен адал достық тақырыбын тереңінен аша түседі. Идеологиялық миссия ретінде анаға құрмет, отбасы институтының беріктігі, адал мінез бен шынайы қарым-қатынас тақырыптары да таңдалған. 

Басты рөлдерде елімізге танымал актерлер Дәурен Серғазин, 5 жылдық үзілістен кейін үлкен киноға оралған Әлия Әнуарбек, Шахмұрат Ордабаев, Азамат Сатыбалды, Айгүл Иманбаева, Айнұр Ильясовалар ойнайды. 

Айта кетейік,  джукбокс мюзикл –танымал әндерді пайдаланатын сахналық қойылым немесе музыкалық фильм. Бұл мюзиклдерде белгілі орындаушылардың үлкен репертуары бар және сюжеттер көбінесе олардың өмірі мен шығармашылығына негізделген немесе мюзикл үшін арнайы жасалған