Айзат Қадыралиева. Неджати Шашмаз туралы

КИНО
10213

Туған жері Анкара тұрғындары ғана оны азан шақырып қойған атымен атайды. Ал, Туркия мемлекетінің басқа қалалары - сымбатты актерді Полат Алемдар деп атап кетсе керек.

Неджати түскен «Көкжалдар мекені» өзіме қатты ұнайды. Барлық сериалдарының бірін жібермей тегіс көрдім десем де болады. Қайталап та көріп жүрмін. Онда адалдық та, достық та, махаббат та, сенім де, қайрат та, намыс та, мінез де... түрлі қасиеттердің бəрі бар жəне шынайы. Сенесің.

Бір қызығы, көңілдегі актерім сырлы да сымбатты өнер – Театрды жан-тәнімен жақсы көретіні мені куантты əрi таңқалдырды. (Мамандығы өнерге қатысы жоқ) Киноға, сериалдарға түсуге уздіксіз түсіп жатқан шақыртуларға аса талғампаздықпен бірін ғана қабылдап алатын талантты актер, түсірілім барысындағы машақаттарына қарамастан, бір уақыт тауып театрларға жиі барады екен. Спектакльдерді көріп болған соң, сахна сыртына аяңдап қадiрлi актерлермен жүздесіп, пікір алмасып тілдесіп қайтуды көнiлi хош көредi. Тіпті, кейде сүйіп көретін спектакльден кейін, өзі ұйымдастырған салтанатты дастарханға - қойылымға қатысқан бар актерлерді арнайы шақырып, құрмет көрсететіні тағы бар. Бұл деген, жанкештi сахнагерлердi есепсiз бағалау мен өнер жолындағы қисапсыз жомарттығын танытатын ғажап касиет.

Шетелдің айтуға тұрарлық дүниесі болса, оны "жақсы" деп айтқанның ешқандай сөгеттігі жоқ шығар деп ойлаймын. Ал, бізге келсек, арине, өткен тарихты бұрмаламай, бүгінгі күннің сипаттамасын тура көрсете алатын, актерлерден дұрыс таңдау жасай алатын, бөлінген ақшаны ішіп-жемей халықтың игілігіне жұмсай алатын рухы биік қазақы жандар болса, қанеки...

Айзат Қадыралиева 

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...