Осы жылдың тамыз айында актер Саша Барон Коэн кино әлеміндегі Борат образымен қандай да бір түсірілі...
Достоевскийдің өмірі жайлы деректі фильм шықты
Алматыдағы кинотеатрлардың бірінде «Ваш весь Федор Достоевский» деректі фильмінің тұсаукесері өтті.
Аталған туынды биыл әлемдік деңгейде аталып өтетін әдебиет классигінің туғанына 200 жыл толуына орай түсірілген.
Фильм «ЭМО» қоғамдық қорының тапсырысы бойынша Қазақстан православие шіркеуінің Митрополиттік округінің қолдауымен түсірілген.
Қазақстан православие шіркеуінің басшысы Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың айтуынша, Федор Михайлович Достоевский – әлемдегі шығармалары ең көп мысалға келтірілетін және аударылатын орыс авторларының бірі.
Оның көркемдік мұрасын әдебиеттанушылар талдап, қазіргі оқушылар мен студенттер оқып, зерттеуде. Федор Михайлович киелілікті, философиялық емес, мәңгілік, өмірдің мызғымас заңы болып табылатын және оған адал әрбір адамды рухани өлімнен сақтайтын шындықты іздеуге құштар болған.
Қазақстандық түсірілім тобы жазушының 1854-1959 жылдар аралығындағы өмір жолын барынша қамтуға тырысқан. Достоевскийдің тағдырындағы ең маңызды сәттердің бірі – Семейдегі тұрған жылдарына ерекше назар аударған. Жазушы осы қалада «Дядюшкин Сон», «Село Степанчиково и его обитатели» шығармаларын жазып, «Записки из мертвого дома» туындысын бастаған. Достоевский мен Шоқан Уәлихановпен достығы да фильмде жан-жақты қамтылған.
«Уәлиханов пен Достоевский достығының негізі неде екенін түсінгіміз келді. Барлық хаттар, күнделіктегі жазбалар оқырмандардың әртүрлі түсінігін қалыптастыруы мүмкін. Фактілерден ауытқу жоқ, бірақ сюжетті жеткізу, әңгімелесу авторлық әдіспен іске асырылған. Кинокартинка Достоевскийдің әлеміне тереңірек ену үшін сол жылдардағы оқиғаларды жандандыруға, қайта құруға бағытталған. Фильм «Ваш весь Федор Достоевский» деп аталу себебі Федор Михайлович хаттарының соңында дәл осы сөздермен қол қойған», – деп түсіндірді фильмнің қоюшы режиссері Константин Харалампидис.
Достоевскийдің рөлін актер Владимир Беляйкин сомдады. Кейіпкердің бейнесімен жұмыс жасау барысында актер Семейдегі түрмеден босатылғаннан кейінгі өмір Достоевскийді қатайта түскеніне көз жеткізгенін айтады.
Фильмнің түсірілімі Семей, Омск, Санкт-Петербург, Мәскеу қалаларында өткен.
Фильм Бетховен, Моцарт, Абай, Чайковскийдің ұлы музыкалық шығармаларымен сүйемелденеді, Фильмнің сюжеті хореография, пластика және ерекше би формасы – степпен әрленген. Тұсаукесерге келген кино сыншылардың айтуынша, бұл үлкен фестивальдік болашағы бар нағыз авторлық кино.
Фильмнің тұсаукесеріне танымал кинематографистер, әдебиеттанушылар, мен журналистер қатысты.
Нұрболат АДЫРБЕК