Алматыда түрік фильмдері апталығы өтуде

КИНО
1012

Алматы қаласында қазан айының 27-31 күндері аралығында Түркия Республикасы Мәдениет және туризм министрлігінің Кинематография департаментінің салымдары және Түркия Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Алматыдағы Бас консулдығының қолдауымен «Йерли Дүшүнже» ассоциациясының ұйымдастыруымен Түрік киносының апталығы өтуде. 

Алматыда мұндай іс-шара алтыншы рет өткізіліп отыр, биыл алматылық көрермендерге «Арман» кинотеатрының базасында бірқатар түрік фильмдері ұсынылады әрі барлығы тегін көрсетіледі.

Айта кетерлігі, Түркия Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін таныған алғашқы ел болды. Бүгінде Қазақстан мен Түркия арасындағы стратегиялық әріптестік туралы Келісімшарт қолданыста.

Түркі халықтарының ерекше бауырластық қатынастары аясында елдерде мәдени шаралар белсенді түрде өткізіліп келеді. Өз кезегінде Кино өнері екі елдің ортақ мәдени-гуманитарлық құндылықтарын ілгерілетуде айрықша орын алады. Фестиваль тұжырымдамасы мәдениет пен тарихқа назар аударудан, екі ел халықтары арасындағы өзара түсіністікті қалыптастырудан тұрады.

Фильм көрсетілімінен кейін артистер мен көрермендер арасында кездесулер өтеді. Іс-шара аясында Түркиядан келген режиссерлер, актерлер мен продюсерлер қазақстандық кино артистерімен кездеседі, сонымен қатар екі жақты келіссөздер мен бірлескен жобаларды жүзеге асыру бойынша сұхбаттар жүргізіледі.

Көрсетілетін фильмдер:

1. «7-камерадағы керемет»

2. «Баскетбол сақинасы»

3 «Маузер»

4. «Махаббат өмірі»

5. «Рафадан Тайфа: Кіндік-Төбе» (анимациялық фильм)

6. «Хабарландыру»

madeniportal.kz

Жаңалықтар

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова журналистердің сұрағына жауап берді, деп х...

Қоғам

Алматыда баннер орнатып жатқан өнеркәсіптік альпинист 12-қабаттан құлап, қайтыс болды, деп хабарлады...