Алматы облысында Ақан Сатаевтың ауқымды әрі көптен күткен жобасы - «Ұлы дала таңы» фильм...
Қазақстан Netflix жобасында: Жыл соңына дейін КарЛаг туралы фильм шығады
Фото: mustafinmag.kz
Netflix-те жыл соңына дейін КарЛаг туралы фильм шығады, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.
Netflix еліміздің тарихындағы ең қайғылы кезеңдердің біріндегі Қазақстан тақырыбын алғаш рет қозғап қана қоймай, түсірілімге қазақстандық актерлерді, продюсерлерді және кеңесшілерді тартуда.
Қарағанды түзеу-еңбек лагері (КарЛаг) 1931 жылы құрылды. Ол орасан зор аумақты – солтүстіктен оңтүстікке қарай 300 шақырымдай және шығыстан батысқа дейін 200 шақырымдай жерді алып жатты, сонымен қатар өзінің әкімшілік орталығы Қарағандыдан 50 шақырым жерде Долинка ауылында болды.
Лагерь орнында ашылған мұражай Орталық Қазақстан аумағында КарЛагтың көптеген филиалдары болғанының көрінісі. Саяси тұтқындардың тегін, негізінен құлдық еңбегінің көмегімен олар елдің көмір және металлургия өнеркәсібі үшін азық-түлік базасын жасады, зауыттар салды, табиғи ресурстарды игерді. Саяси тұтқындардың арасында көрнекті ғалымдар, инженерлер, суретшілер, жазушылар болды.
Лагерь өмір сүрген 28 жыл ішінде жүздеген мың адам өлді, оның бір себебі өмір сүру жағдайлары адам төзгісіз болғандықтан. Долинкада мыңдаған сәбилердің сүйегі жерленген балалар зираты да бар, оны «Мамочкино» зираты деп атайды.
Испан тілінен аударғанда «Татуласу» деген мағынаны білдіретін «La Tregua» деп аталатын фильм 2025 жылдың күзінде немесе қысында прокатқа шығады. Жуырда қазақ және орыс тілдерінде дубляж жасау жұмыстары басталады. Түсірілім Испанияда жүріп жатыр. ГУЛАГ-тың Қарағанды филиалының дәл көшірмесі Бильбаоның шетінде салынған.
Фильмнің режиссері Мигель Анхель Вивас көрермендерге «Бумажный дом» телехикаясынан таныс. Басты рөлдерді Мигель Херран, Арон Пайпер және қазақстандық актерлар Дина Тасболатова, Алтынай Нөгербек, Сергей Уфимцев және Фараби Ақкөзов сомдайды.