Арыстанбек Мұхамедиұлы мен жапон продюсері «Барымташылар» киножобасын талқылады

КИНО
2295

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мен жапон кинопродюсері Сёдзо Итияма қазақстандық-жапониялық бірлескен «Барымташылар» киножобасын талқылады.

«Ұлттық кинематографымыз бүгінгі таңда еліміздің қайталанбас тарихи-ұлттық мұраларын насихаттауға бағытталған. Соңғы жылдары біз орасан зор жұмысты атқардық. Біздің министрліктің саясаты толығымен халқымыздың тарихы, мәдениеті, салт-дәстүрі мен қазіргі замандағы жетістіктері, тарихи тұлғалар, «бүгінгі заманның батырлары» туралы фильмдерді түсіруге негізделген. Әлемдегі жетекші елдердің бәріндей, жаппай прокат арқылы мемлекетіміздің мәдениеті, құндылықтары мен имиджін көтеруіміз керек», - деді министр. Қазақстан мен Жапония бірігіп түсіретін «Барымташылар» көркем фильмінің түсірілім жұмысының басталуына орай әйгілі жапон кинопродюсері Сёдзо Итияма Алматыға 30 тамызда ұшып келген болатын. «Барымташылар» фильмін қазақстандық режиссер Ерлан Нұрмұхамбетов пен жапон режиссері Лиса Такеба бірлесіп түсірмек. Фильмнің түсірілім жұмыстары Алматы облысында бүгін басталды. «Сёдзо Ичияма - «Tokyo Filmex» азиялық кинофестивалінің негізін қалаушылардың бірі. Оның продюсерлігімен Такеши Китано, Цзя Джангке, Хоу Сяосянның кинолары түсірілген. Сёдзо жиырмаға тарта әйгілі фильмдердің продюсері. Ол кинокартиналардың көбі Канн, Венеция және Берлин кинофестивальдеріне қатысқан. Фильмде 71-ші Канн кинофестивалінің жүлдегері Самал Еслямова, театр және кино актері Дулыға Ақмолда мен жапон актеры Мирай Морияма түседі.


madeniportal.kz

PESTEL

АҚШ-тың Род-Айленд штатындағы Провиденс қаласында орналасқан Браун университетінде емтихан кезінде б...

PESTEL

«Қылмыстық чтиво» және «Маска» фильмдеріндегі рөлдерімен танымал америкалық...