Microsoft 60 мың қызметкеріне жұмыстан кетуді ұсынды: компанияда не болып жатыр?

ЖИ

PESTEL
93

Америкалық Microsoft корпорациясы жасанды интеллект саласына инвестицияны арттыру мақсатында шамамен 60 мың қызметкеріне өз еркімен жұмыстан кетуді ұсынды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

CBS News мәліметінше, бұл компаниядағы барлық қызметкердің төрттен біріне жуығын құрайды. Бағдарлама АҚШ, Канада, Ұлыбритания және Үндістандағы орта буын мамандарына арналған. Өз еркімен жұмыстан кетуге келіскендерге өтемақы мен акцияларды сатып алу мүмкіндігі ұсынылады.

Microsoft компаниясының персонал жөніндегі директоры Эми Коулман бұл бастама қызметкерлерге мансабындағы жаңа кезеңге өтуге көмектесетінін айтты.

Компания жыл соңына дейін жасанды интеллект инфрақұрылымына, соның ішінде деректер орталықтарын дамытуға 175 миллиард доллар инвестиция салуды жоспарлап отыр.

Айта кетейік, Microsoft бұған дейін мамыр айында 8 750 қызметкеріне осындай ұсыныс жасаған. Ал шілдеде 4 800 жұмыс орнын қысқартатынын хабарлаған.