Ғазиз Құнапия. «Дос-Мұқасан» – жан достар және олардың экрандағы бейнесі жайында

КИНО
3152

(Кино-сын эссе)

Жан достым, ойлайсың ба, сен де мені,

Уақыт қаңбақ ұқсап дөңгеленді.

Адамға атақ, мансап артық емес,

 Адамға арман екен ең керегі. 



Бұл – төрт жол өлең Тұманбай Молдағалевтің сөзіне жазылған Досым Сүлеевтің «Жан достым» әнінің бір шумағы. Олар достар. Жан достар. Жалынды жастық шағынан бүгінгі ел ағасы деңгейіне жеткенге дейін жан достар болып келе жатыр. 

Олар қандай еді, жарты ғасырдан артық уақыт қазақтың көгінде әндерін әуелетті. Әлі де солай келе жатыр деуге болады.

Есімде қалуынша, ұмытпасам осыдан қырық жыл бұрын, яғни, 1980 жылдар шамасында әйгілі ансамбль Улаанбаатарға барды. Олардың концерті Монгол-Советтің Достық үйінде болады деп естідім. Мен барсам басталып кетітіпті. Есік алдында тұрғандарға «алыстан осы ансамбльді көру үшін келдім» деп ана-мыналарды айтып жүріп әйтеу, бір кірдім. Біз естіп, теледидардан көріп жүргендей емес, құрамы біраз өзгеріпті. Бұрынғылардан Бақытжан Жұмаділов бар екен, белгілі әнші Ақжол Мейірбековтың сол жылдар немесе сол жылдардың алдында ансамбльге мүше болған болуы керек. Бақытжан «ведуши», жүргізуші және әнші, жеке орындаушысы барлық жағынан жандырып жүр, Ақжолда орыс-қазақ, өзбек әндерін керемет шырқап, көбінесе әнді екеуі ансамбльдің сүйемелдеуімен қатырып тұрып айтады. Әсіресе, Жаяау Мұсаның «Ақсисасын»,  ән тарихын Бақытжан орыс тілінде әдемілеп айта келе, ансамбльдің сүйемелдеуімен (аронжиравкасын ол кезде түсінбейміз) ерекше әсермен шырқағанда, ән бітісімен залдағы көрермен орнынан тұрып қол соққанына куә болдық. 

Біраздан кейін концерт аяақталғанда сыртақа шығып, сол елдегі біз, қазақ студент жастар, Дос-Мұқасандардың кейбіреулерімен таныстық, жанып тұрған өнерлі жастар кімді болса да баурап алатыны белгілі. Әсіресе, Бақытжанды  «Жаргал», «Жаргал» деп бірнеше монголдың сұлуларының жүгіріп жүргенін өз көзіммен көрдім. Бұл жерде «Жаргал» деген монголша есім қазақтың «Бақыт» деген есіміне дөп келетін еді. Оны да оларға ұқтырып қойған Бақытжан сияқты Осылайша, Дос-Мұқандардың жалынды жастық шағын өз көзімізбен көріп танысқанымыз бар еді.

Жалпы,  Дос-Мұқасандар  үшін туған халқының жүрегінен жол тауып, ыстық ықыласына бөленгеннен артық бақыт жоқ. Олар – ән әлеміндегі өшпестей із қалдырған әйгілі топ . Ол жайында көп дүниені айтуға болады. Айтудан да кенде емес. Кезінде республикалық басылымдардың бірінде мемлекет және қоғам қайраткері марқұм Камал Смайловтың «Дос-Мұқасандардың» өнерде де, ғылымда да биік асуларды бағындырғаны жайында көлемді мақаласында жеріне жеткізе айттылды. 

Шындығында, «Дос-Мұқасан» – қазақ эстрадысының негізін қалады деп былай айта салғанмен, олар салған іздер өнерде де, ғылымда да, қоғамның саяси ортасында да өшпестей болып сайрап жатыр. 

Бұлар кезінде Политехникалық иниститут( қазіргі Қ.Сәтпаев атындағы Ұлттық Политехникалық Университет) қабырғасында орта мектепті шетінен жақсы бітірген, есепке алғыр жастар. Анау-мынауды қабылдай қаймайтын есептеу техникасы-автаматика факультетіне қабылданған жастар болыпты.

Ансамбль мүшелерінің естеліктеріне қарап отырсақ, олардың өмір жолында  қазақ қоғамына қосқан әр біреуінің өз үлестері бар. Бұлай айтудың басты себебі: Олар біріншіден достар, достықтың қалай болатынын қазақ қоғамына көрсете білді. Жарты ғасыр бірге жүріп, достықтың талай сынынан сүрінбей өтті. Олардың достықтары майдан қыл суырғандай тақтайдай тегіс болды десек, өмір шындығына сәйкес келмес. Өз көзқарастары бойыншв дос күлдіріп емес, жылатып айтатындай кездері болған шығар. Мұндайдан болып,  олардың достықтың желісі ешқашан үзілген емес. Сондықтан да олар достықтың символына айналған «Жан достар» болып келе жатыр. Бұл – қазақ қоғамына  әсіресе, жастарға үлгі болып қалатын «Жан достар».

Енді бір жағынан өнердегі салған іздері сайрап жатыр. Олардың ең бір ерекшелігі  қазіргідей шет ел дүниесіне еліктеп, солардың көшірмесі, «калкасы» болған жоқ. Сол заманың өзінде дүниені дүр сілкіндірген Decp, Roiiig Stohes, The Beatles сияқты топ, групалар болды. Қандай бір дүниенің өміршеңдігі туған халқының тамырынан нәр алғандығы деп айтар едік. «Дос-Муқасандар» алғашқы басталған кезден бастап, өз репертурасына қазақтың халық әндерін әдемілеп өңдеп, ән бояауын бұзбай өздерінің болымысына сай эстрада жанрында қазақ рокын тірілтті. 

Олардың енді бір қыры тұлғалық қасиеттеріне соқпай өтуге болмас. Олардың ансамбль мүшелері шетінен таланты жандар. Бұлардың елден ерекшелігі бір бастарына бірнеше тұлғалық қасиетті алып жүрді, атап айтар болсақ: Бұлар біріншіден музыканттар, соның ішінде заманауи вакалды аспаптарға арналған эстрада жанрына арналған арнайы музыкалық аспаптарды шетінен жақсы меңгерген жандар; екіншіден бұлар вакалист әншілер, топта, ән-әуенің әрлеуінде төменгі және жоғарғы ноталарда ансамбльге қосылып әдемі айтатын вакалист-әншілер.

Сонымен бірге, ансамбль мүшелерінің  жеке бастарында бір-біріне ұқсамайтын жеке ерекшеліктері бар. 

Бұлардан ансамбльді алғаш бастап құрған Досым мен Мұрат. Досым ұйымдастыру және музыкалық қабілеті жағынан алғыр, сонымен бірге азғантай музыкалық білімі болғанымен, арман мұратында мүлде басқа дүниені, ғылымға бет бұруды армандайды. Кейін осы жолда үлкен жетістіктерге жетті. Дегенмен де, Досым Сүлеев бір неше жүрекке жылы тиер тамаша әндердің әуен жазған композитор деуге болады. Ал, Мұрат нағыз өнерге берілген жан, техникалық оқуды бітіргенен кейін музыкада консерваторлық жоғарғы білім алып, ансамбльді күні бүгінге дейін алып жүріп талай жетістікке жетті. «Дос-Мұқасан» мен Мұрат Құсайынов бір ұғым, бірге тұтасып кеткен деуге болады. Жалпы ансамбльдің жолы тақтайдай тегіс болған жоқ, талай бел-белесдерден өтті. Құрамдары бірнеше рет өзгерді, осылай болса да жеткен жетістіктері бір төбе. Кезіндегі одақтас республикалық елдерден эстрада жанрындағы ансамбль, топтардан Америка құрлығына ешқайсысы аяқ баспағанда, мұхит асып келген осы «Дос-Муқасан» болыпты. Одақ көлеміндегі жарыстардан «Алтын жұлдыз» алған да «Дос-Мұқасандар» екен. Осының барлығына Мұрат Құсайновтың енбегі ерекше десек артық айтқандық болмас.

Бұлардан өзге өмірден ертерек озып кеткен Құрманай Омарова, Шәріп  Омаров, Бақытжан Жұмаділовтардың тал бойында бірнеше өнер тоғысқан өнерлі жандар екенін туған халқы жақсы біледі. Құрманай – ансамбльдің солисі. Ерекше дауысы бар жан еді. Әнді көтеріп, әулетіп, құлпыртып шырқайтын кең тынысты әнші болатын. Ескендір Хасанғалиев ағамыздың естелігінде, ән жүректен жарып шығады ғой, «Сағындым сені» әнін жазып біткенде орындаушысын іздей бастағанын, орындаушысын таппаған әннің ғұмыры қысқа болатынын айта келіп, Құрманайға жолықанын былай баяндайды: «Құрманайды іздеп, Жен ПИ-ге бардым. Көзі мөлдіреген әдемі қара қыз екен. Қазақшасы аздау болғанымен, әнімді айтып көретінін, бірақ, «Дос-Муқсанда» жеке ән айтып жүргенін айта келіп, солардың, ансамбльдің сүйемелдеуімен айтуға болатынын айтты» – деп ағамыздың бір сұхбатында естігенім бар еді. Кейін де Құрманайдан артық бұл әнді нақышына келтіріп, ешкімнің шырқай алмайтына көзіміз жетті. 

Ал, Шәріп Омарав өмірде қандай адам болғаны елге белгілі. Үлкен лауазымды қызметтер атқарды. Жоғарғы кеңесте депутат болды, шет елдерде елші болғанын, қоғам қайреткері дәрежесіне жеткен жан екенін білеміз. Достары Шәріпті ұйымдастыру қабілеті өте жоғары, алғыр жан болғанын еске алады. Ал, Бақытжан Жұмаділовты ансамбльдың құрылғанынан бастап, өзі өмірден озғанға дейін ансамбльдің суығы мен ыстығын бір кісідей көтерген жан екенін естеліктерінде келтіреді. Бақытжан әншілігінен бөлек керемет ұйымдастырушы, концерттік бағдармаларды жүргізушісі болғанын және сөзге шешен оратрлық қасиеті басқадан ерекше болғанын, өз жанынан өлең жазған тіпті, прозалық жанр да орысша роман жазған деп туыстары, достары Бақытжаның жарқын бейнесін еске алып отырған теле-хабардың бағдарламасынан айтылып еді. Бұдан өзге ансамбльдің бастапқы құрылған сәтте болып, кейін ғылым жолын таңдаған Мейірбек, Хамиттердің және Александр Литвиновтің (Саня) де ансамбльде өз орындары болғанын атап айтуға болады.

Осылайша «Дос-Муқандардың» өнердегі жеткен жетістіктерінен үш түрлі аргументтік ерекшелігін қысқаша қозғай отырып экрандағы бейнесінен біраз ой қозғасақ.

  Менің ойымша, «Дос-Мұқасандардың» өнердегі жетістіктері ел арысында белгілі. Олардың өнері шарқтау шегіне жетіп аңызға айналғанда бұлардың өмірдегі шындығы енді көркем шындыққа айналып, қазақтың өнер тарихында мәңгі бақи қалады. Осы көркем шындыққа беттестіріп, қаптастырып тарихқа қалдыратын бірден бір дүние – көркем кино. Мысалы бәріміз білетін Бекежанның экрандағы бейнесі қанша жағымсыз бейне балса да халықтың жүрегінде мәңгі қалды. Оны аңыз адам ойнады. Ал, қазіргі жағдайда тарихшылар Бекежаның мүлде басқа адам болғанын айтып жатыр. Мың жерде бұлай айтқанмен халық мұны қабылдап алмайды, себебі мұның көркемдік шындығы алде қашан халықтың алдында ашылып қойған.

Ал, енді былай айтқанда, «Дос-Мұқсандардың» экрандағы бейнелері арқылы тарихтағы көркемдік шындығы жаңа басталды. Өткен таяау күндерде Астана кино таетерларда «Дос-Муқасан» көркем фильмі көрсетіліп жатты. Кино картинаның көркемдік желісі, өткен қоғамның алпысыншы жылдардан күні бүгінге дейін сахнадан түспей келе жатқан әйгілі «Дос-Мұқасан» ансамбилінің алғаш құрылуынан бастап күні кешегі болған оқиғаға дейін қамтылыпты.

Киноның басталуы мен аяақталуы эпилог пен пролог бір сюжетте құрылған кино түсіру тәсілімен айтсақ бір дубилмен беріледі. Мұндағы шығармашылық ұжымның бастапқы ойы қайғы мен қуаныштың алмасып келетін тағдырдың ісіне, бір үйдің боласындай болып, алаулаған жастық шақтарын бірге өткізіп, өмірдің ащысын да, тәттісін де бірге өткізген жан достардың бірі қапияда мерт болып, бірінің ауыр жарқат алған жағдайы экранда көрсетілуімен кино басталады. Бұл – тағдырдың ісі, ешкім қарсы тұра алмайды.

Кино экранда көрермендердің көз алдында екі сағатық уақыттық шамасында сол кезеңнің уақыт пен кеңістік өлшемінде кешегі өткен ғасырдың 60-ыншы, 70-інші жылдардан бастап күні бүгінге дейін халықтың жүрегінен жол тапқан әйгілі «Дос-Мұқасан» ансамбилінің өмір  өткелдерінен сыр шертеді. Қанша дегенмен «Дос-Мұқасанмен» замандас жандар үшін көркем фильмді көріп отырып, уақыт кері айналғандай әсерде болғаны рас.

Кинодағы бар кейпкерлер шығармашылық ұжымды басынан аяғына дейін құрып, ансамбилдің ыстығы мен суғына шыдас берген жандар. Кино картинада бір-екі кейіпкер болмаса барлығының өмірде прототиві бар.

Жалынды жастық шақ, студенттік өмір, алаулаған сезім, махабат бәрі -  сол бір кездің кешегі 60,70 жылдардағы замандастардың көз алдында өткен қоғамның атмесфарасының ырғағымен тыныс алып, экранда көлбеп өтіп жатыр

Кезінде студенттердің жазғы жұмыс отряттарында қасиетті Баянауыл жерінде құрылыс отряттардың бірінде жүрген ән-күйге құмар албырт жастардың шетелдік соның ішінде  польшадан келген жастармен қазақтың халық әні деп жүрген «Сұлу қыз» әнін  халық әні деп орындағанда полшалық студенттердің өз тілдерінде әуенін қосылып шырқағанына өздері де таң тамаша болып қалғандағы көңіл-күй көріністерімен басталады. 

Бұл әнді кезінде шетелдік гастрольдік сапарда жүргенде қазақтың бұлбұл көмей әншісі Роза Бағыланова апайымыз қазақ даласына қазақ тіліне аудартып алып келіпті. Содан бері бұл ән қазақ халқының әні болып кетіпті. Ал, жастар онсызда эстрада жанрына келетін ырғақты әуезді әнді одан бетер құлпыртып гитараның сүйемелдеуімен қосыла әуелетіп шырқап жүрген кез болса керек. Осылайша көңілді жастардың кешкі уақытта жұмыстан қолы босған уақыттарда ән-күйге ерік беріп отыратын сауық кештердің тізгіні болашақ  Дос-Муқсандардың қолында болғаны көрсетіледі. 

Бұл фильм кинематографиялық жанр тұрғысынан байопик жанрға келіңкірейді себебі тамымал тұлғалардың биографиялық өмірінен алды, дегенмен жеке өмір жолынан сыр шертпейді. Осы тұрғыдан келгенде шығармашылық топ алпысыншы жылдардың соңы, жетпісінші жылдардың басында құрылған әйгілі вакалды-аспапты топ «Дос-мұқасанның» алғашқы құрылу кезеңдерін кино-картинаға арқау етуді мақсат етіп, фильмді толық жасап шығарды.

Көркем фильмді Aray medio Group конпаниясы қолға алып, толық түсіріп шығыпты. Бұл компания негізінде әр түрлі жанрдағы фильмдерге дубляж жасайтын конпания болса керек, киноның бас продюсері Айгүл Байбек, сценарын жазған Ефрат Шарипов, режиссер Айдын Сахаман. Айгүл ханым үшін алғашқы толық метражды көркем фильмі болып табылады дейді.

Киноны жалпы халық жақсы қабылдады деп ойлаймын, себебі «Дос-мұқсанның» замандастары үшін оларға деген және жалынды жастық шақтарына деген сағыныш бар. Әр бір замандастар өздерінің жастық шақтарына кері саяхат жасағандай болды. Киноны жасаушы топтың басшысы Айгүл Байбек дрматургия бойынша антагонизим аздау болды депті, бұған «Дос-Мұқасандағы» үлкен ағалар ыриза емес болды дегендейін айтылыпты. Бұл екі жақты дүние көркем дүниенің әсіресе драмалық шығармаларда тартыстың болуы басты шартты дүние онсыз болмайды. Ал, екінші жағынан ансамбльды құрған басты тұлғалардың арамызда жүргенде жасанды нәрсенің болуына олар ыңғайсызданады. Антагонизимның негізі қоғамдық үрдістерде ымраға келмейтін қайшылықтарды көрсетеді. Мысалы: қазақ кино тарихында Ш.Аймановтың «Атаманың ақыры» нағыз антагонизимге құрылған, сол дәуірдегі «ақ» пен «қызылдың» тартысы ешқашан ымыраға келу мүмкін емес аяғы бір-бірін құртып тынады. 

Ал, бұл кинода соншама антагондық тартыс болған жоқ. Кешегі өткен қоғамның идеологиялық көзқарысы тұрғысынан жастарды батыс қоғамына еліктеп, теріс ықпал жасады деген қарама-қайшылықты идеалық тұрғыда біраз тартыстар болды. Бұл тартыстар шегіне жеткен жоқ, жоғардағы үлкен ықпалды тұлғаның жылы қабағынан қарсылықтар тап тыйылды. Бұл жерде режиссерлік шешім әдемі жымдастырылған енді бір жағынан сол кездегі тарихи тұлғалардың бейнесін орын-орнымен қолданған. Экранда жастардың мәселесін иниститут ректоры мен мәдениет министрі Еркінбек Жексенбиев шеше алмай тұрғанда қазақтың заңғар тұлғасы Дінмұхамет Қонаев бірнеше адаммен баспалдақпен төмен түсіп келе жатқан бейнесі көрніс табады. Ары қарай министр: «Димаш Ахметович бір минут аялдайсыз ба? Бір мәселе бар еді», – деп алдына келеді, ол кісі бас изеген ишрамен алдағы кабинетті нұсқады да үшеулеп кабинетке кірді есік бер жағынан жабылды, бар мәселе осымен шешілді. 

Бұдан кейін бұлттан шыққан күнің сәулесіндей барлық дүние жадырап жайнап жүре берді. Бұл режиссерлік шешім көп дүниені көрсетіп сөйлеп отырып алудың қажеті жоғын ықшамдап көрсете білді. Осындай кинода сәтті шыққан эпизодтар баршылық.

Дегенменде, бірнеше ойға алған дүниелерді айтар болсақ:  кино сол кездің жастарды сүйіп тыңдайтын әйгілі вакалдық топ болғандықтан кейіпкерлердің аты жөні өзгертілместен болған оқиғалардың көбісі сол қалпында көрсетілгендігі докуманталды фильмге ұқсап кетті деп айтатынндар болады. Жалпы айтқанда вакалды-ансамбльдің өмір өткелдерінің өзі көркемдік дүниелерден құрылғандықтан кино жасушылар үшін алып қосу немесе көркемдем әсерлеуде қиындықтар туындағанына күмән тудырмайды.

Осылай болғанымен ансамбльды құрушы басты екі тұлғаны негізге алып, олардың таңдаған екі бағыттағы өмір өткелдерін тереңрек алып, өз көзқарастарындағы тартыстар және әрқайсының ішкі харизимын адами қасиеттерін ашып беретін дүниелерді кіргізуге боларма еді дегіміз келеді. Мысалы екуінің де жастық албырт шақтан өтіп толықсып есейген шақтарда ән әлемінде терең мағыналы тіпті фәлсаплық сарынмен жазылған лирикалық әуенге сөзі де, әні де жарсқан ән-күйлері бар. Мұндай жағдайда Досым Сүлеевтің «Жан достым» әні, Мұрат Құсайыновтың «Сұлулық» және «Наурыз» күйін айтуға болады. Досым Сүлеевтің «Жан достым» әні – ішкі жан тербелістен туындаған ән, мұнда сағыныш; арман мен мүде; қимастық сезім; сонымен бірге ішкі писихологиялық тартысты күйзелстердің бәрі бар. Ал, кинода бұл ән достардың бәрі жиналғанда дастарқан басындағы арқа -жарқа отырыста айтылды, бұл әнің мазмұнын сәйкес келмейді. Осы басты екі тұлғаның шығармашылықтарын арқау ете отырып, киноның мазмұнын тереңірек құруға боларма еді.

Қазақ киносын жасаушылардың кейбіреулерінде тереңрек ұлттық сана және қазақи дүние таным жетіспей жатады.

Кинода тағы бір айтылатын жағдай кейіпкерлердің прототивтік ұқсастықтарында дұрыс таңдалғандармен қатар сонша сәйкес келмейтін кейіпкерлер бар. Бұл жерде Шәріп Омаровқа ойнаған Артур Асқарұлының бойы дене тұрқы келгенмен келбетінде мұрны келмейді. Өмірдегі Шәріп Омаровтың мұрны дөңес емес еді. Ал, жылт еткен ұлы тұлға Димаш Ахметұлының бейнесін дүрыс адаммен таңдауға болушы еді. Ол кісі ірі денелі болғанмен сұңғақ бойлы, ер адам болса да мойны аққу мойынға келіңкірейтін. Ол адамның бейнесін «Ташенов» киносында Қонаевтің бейнесін сомдаған актер Нартай Сауданбекұлын сәл егделеу болдырып тіпті «Ташенов» киносының оқиғасымен осы киноның уақыт кеңістігі бір деңгейлес, шамалас уақытта өрбиді.

Қорта айтқанда, бұл кино жастардың сүйіп көретін киносына айналады. Ал, кино картинаның алпысыншы-жетпісінші жылдардың замандастары үшін өткенді кері айналдырып, сағыншыштарын бір басатын кино болды десек артық айтқандық болмас.


Жаңалықтар

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова журналистердің сұрағына жауап берді, деп х...

Қоғам

Алматыда баннер орнатып жатқан өнеркәсіптік альпинист 12-қабаттан құлап, қайтыс болды, деп хабарлады...