К.Станиславскийдің әйгілі жүйесінде «кейіпкержандылық өнері» және «кейіпкерсындылы...
Әйгілі «Один дома» фильміндегі үй экранда көрсетілген қалпына келтірілетін болады
Фото: instagram.com/architectanddesign
1990 жылы Маколей Калкин басты рөлде ойнаған, әлі күнге дейін көпшілік талқылап жүрген «Один дома» фильмінде көрсетілген АҚШ-тың Чикаго қаласы маңындағы әйгілі үй ауқымды қайта жөндеуден өтеді. Жөндеу жұмыстары аяқталған соң, үй экранда қалай көрінсе, дәл сол қалпына келтіріледі, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
«Біздің мақсатымыз — фильмдегі жылылық пен махаббатты қайтадан қайтару», — деді жоба жетекшісі Скотт Прайс басылымға берген сұхбатында.
Жөндеу жұмыстары үйдің қазіргі иесі тарапынан қаржыландырылады. Ол бұл үйді биылғы қаңтар айында 5,5 миллион долларға (шамамен 2 млрд 008 млн теңге) сатып алған.
2021 жылы бұл үй бұрынғы иелерінің кезінде интернет арқылы жалға берілетін тақырыптық үйге айналдырылған еді. Алайда жөндеуден кейін әлемнің түкпір-түкпіріндегі жанкүйерлердің сүйікті жылы рождестволық фильміндегі Маккалистерлер үйінен еш белгі қалмаған.
Бұл жағдай желі қолданушыларының наразылығын тудырды. Ашық, минималистік стильдегі интерьерді олар стерильді аурухана палатасына теңеді.
Жанкүйерлердің пікірі елеусіз өалмады. Үй фильмдегі интерьеріне қайта оралып, ностальгияға берілгісі келетіндерге жалға берілетін болады.