Кино және театр актері, кинорежиссер Досхан Жолжақсынов бүгін 70 жасқа толды!

КИНО
4072

Кеңес дәуірінің бергі танымал отандық кино және театр актері, кинорежиссер, Қазақстанның халық әртісі, «Отан» орденінің иегері Досхан Жолжақсынов бүгін 70 жасқа толды!

Досхан Қалиұлы 1951 жылы 7 қазанда Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданында дүниеге келген. 1969 жылы Алматы мемлекеттік өнер институтына (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) оқуға түскен. 1972 жылы Қазақ жастар мен балалар театрында актер болып, кейін сол театрда директор қызметін атқарған.

«Біржан сал» фильмінен үзінді кадр

Ол театр мен кинода 200-ден астам бейнелерді сомдады. «Гауһартас», «Погоня в степи», «Омпа», «Көшпенділер», «Жаужүрек мың бала», «Қазақ хандығы. Алмас қылыш», «Қазақ хандығы. Алтын тақ» және т.б. фильмдерде ойнаған. Ал «Біржан сал» және «Құнанбай» фильмдерінде режиссерлік етті.

«Құнанбай» фильмінен үзінді кадр

madeniportal.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...