СӘЛ КЕРМЕКТЕУ БАҚЫТ...

КИНО
2392

Көзқарас

Прозашы, сценарист Виктория Токареваның сұхбатынан үзінді

– Кинорежиссер, кинооператор, сценарист Петр Тодоровский шаңырағының ұйытқысы – әйелі Мира еді. Отбасының бел арқалығы да, тіреуіші де – сол...Петя болса – шығармашылықтың адамы, қиялы – көкте. Оның ойлайтыны да биікте: сценарий, фильм, музыка. Ал Мира, негізінен, күнкөріс қамымен жүреді: нанды қайдан аламын, ақшаны қайтем...

Бұлар ұзақ уақыт өте кедей тұрды. Бірде Мираның өзі әңгімелеп бергені бар: балық дүкенінде тұрып, бүгін не тамақ істеймін, күйеуім мен балама не дайындап беремін деп қиналыпты. Ал кәшөлегінде қырық үш-ақ тиын бар. Басқа жоқ. Содан тұрып-тұрып, әлгі ақшаға алабұға омыртқасын алуды ұйғарады. Осылайша, балықтың сүйегінен сорпа қайнатып, етіне көбірек қылып ақ нан, бірталай пияз қосып котлет жасапты...

Дәл мұндай тұрмыс ғажайып дарын иесі Андрей Тарковскийдің үйіне де тән-ді.

Бір күні Лора Яблочкинаның үйінде түстеніп отыр едім, Андрейдің әйелі Лариса жүгіріп келді. Азырақ ақша сұрайды. Сөйтсе, ол Лорадан мұның алдында да қарыз алған екен, әлі қайтармапты.

– Андрей маған айтпай қонақ шақырып қойыпты, күтіп алуымыз керек, ақша – ноль... Құтқарып жіберіңіз, – дейді.

Ларисаның өзі – ірі денелі әйел. Қазір оны бүгінгі тілмен онша «гламурная» емес дер еді, бірақ өзіндік сүйкімі бар, келбетті жан...

Андрей Тарковский бойына кавказдық қан араласқан адам-тын, оған кескін-келбеті ұл балаларға ұқсайтын модельдер емес, тура осындай бөкселі бикештер көбірек ұнайтын...
Лариса қарсы орындықта аяқтарын айқастырып отырды, шөлкиі жыртық екен. Өзі күлімсіреп қояды, аздап ыңғайсызданып, қысылып отырғаны байқалады, өйткені ақша сұрап отыр ғой. Бермей, құрқол қайтара ма деп қобалжыңқырайтын да болу керек.

Оған қарадым да түсіндім: күйеуіңнің гений болмай-ақ қойғаны жақсы сияқты, әйтпесе, мына әйелге ұқсап, жыртық шөлкимен зыр қағасың да жүресің...
Дегенмен, «медальдің» екінші жағы да бар ғой: баршылықтағы сұрғылт, мағынасыз тірліктен гөрі мынандай сәл кермектеу бақытың он есе артық.

Kultoleu Mukash
author

Құлтөлеу Мұқаш

ЖАЗУШЫ

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...