NomadStunts халықаралық тобының каскадерлері белгілі режиссер Ридли Скоттың жаңа фильмін түсіруге қатысты

КИНО
3043

Қазақстандықтармен бірлесіп жасалған жұмыстың алғашқы кадрларын ағылшын каскадерлері жариялады. Түсірілім Лондонда өтті деп хабарлайды  madeniportal.kz

Атақты режиссер Ридли Скот Франция императоры, французы армиясының қолбасшысы, Франция заң жүйесінің авторы Наполеон Бонапарттың билікке келуі туралы баяндайтын фильмнің түсіріліміне кіріскен болатын. Ұлы қолбасшы рөлін Джоакин Финикс ойнайды.


«Наполеон» фильмінде өнер көрсеткен Nomad Stunts халықаралық каскадерлер тобын 2000 жылы Қазақстандық Жайдарбек Күнғожинов қалады. 2020 жылы «Томирис» тарихи фильміндегі трюктерді сахналағаны үшін ол әлемдік каскадерлер академиясының (АҚШ) «Таурус» сыйлығын алды, бұл каскадерлік мамандар үшін «Оскар» сыйлығымен тепе тең келетін ең жоғарғы марапат болып табылады.


NomadStunts фильмографиясында «Мулан», «Неудержимые-2», «47 Ронин», «Монғол», «Викинг» жобалары, Netflix және HBO стримингтік платформаларға арналғандар сериалдар бар. Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Австралия, Канада, Түркия, Әзірбайжан елдерінен құралған Nomad Stunts халықаралық тобы бүгінде Голливудтың, Болливудтың жетекші студияларымен, сондай-ақ қазақстандық және ресейлік режиссерлармен ынтымақтастық жүргізуде.

madeniportal.kz

PESTEL

Үндістанда 12 жастағы оқушы қыз сабаққа кешіккені үшін мұғалімнің тапсырмасымен 100 рет отырып-тұрға...

PESTEL

Жизақта 18 жастағы қыз танысын жезөкшелікпен айналысу мақсатында Таиландқа жіберуді ұйымдастырмақ бо...