Өтірікті тануды үйрететін 7 фильм мен сериал

КИНО
2615

Белгілі бір жағдайдан сытылып кету үшін кез-келген адам өтірік айтуға мәжбүр болады. Егер өтірік айтпай, бәрін болған күйінде жеткізсе әлдекімнен сөз естіп, арты өкінерлік жағдайға әкеліп соғады деп қорқып жатады. Сол үшін кімде-кім болмасын қарым-қатынасты сақтап қалу үшін кейде өтірік айтуға тура келеді. Өтірікті қалай айтуға болатынын және оның соңы неге әкеліп соғатынын көрсеткен әлемдік фильмдер мен сериалдар қатарын madeniportal.kz назарларыңызға ұсынады. Мархабат! 

«Жарқын күнде» («На ярком солнце», 1960), режиссер Рене Клеман

Патрисия Хайсмиттің «Талантты мистер Рипли» романының алғашқы фильмге бейімделуін 60-шы жылдары режиссер Рене Клемен жасады. Басты рөлді Риплиді жас Ален Делон ойнады, ал музыкасын ұлы Нино Рота жазды. Том Рипли өзінің досы Филип Гринлифтің сансыз байлығына ие болуы үшін түрлі әрекеттерге барады. Осылайша, Делон кейіпкерінің өтірік еліне қауіпті саяхаты басталады: ол Филиптің сөйлеу тәсілін көшіріп, төлқұжатын қайта жасатып, ешкім күдіктенбеуі үшін оның өмірінің ең кішкентай бөлшектеріне дейін қайталайды. Бұрындары сымбатты тұлға ретінде танымал болған Ален Делон дәл осы рөлі арқылы нәзік психологизмнің актері ретінде таныла бастады.  

«Күдікті тұлғалар» («Подозрительные лица», 1995), режиссер Брайан Сингер

Брайан Сингердің 1995 жылы шыққан фильмі әлі күнге дейін Голливудтың ең жақсы фильмдерінің тізімінің қатарында. Фильмдегі рөлі үшін Кевин Спейси өзінің алғашқы «Оскарын» алды. Бұл фильм көрерменге кино тарихындағы ең күтпеген сюжеттік бұрылыстардың бірін ұсынады. Фильмнің сюжеті адамдардың өз пайдасы үшін өтірік айту және соған сендіру үшін түрлі қулықтарға баратынын баяндайды. Фильмді тамашалау барысында әр деталь мен әр кейіпкерлердің бет әлпетіндегі интонацияны, қимыл-қозғалысын бақылап отырғаныңызбен түрлі фокустардың әсерінен көзден таса болған жайттарға тап боласыз.

«Өтірікші, өтірікші» («Лжец, лжец», 1997), режиссер Том Шэдьяк

Джим Кэрридің орындауындағы кәсіби өтірікші, адвокат Флетчер Рид әрқашан шындықты тек сиқырлы күштердің әсерінен ғана айтуға болатынына сенімді. Ол ешқашан шындыққа мән бермеген, судьяларды, клиенттер мен туыстарға өтірік айтып, шындықты өз жолымен өзгерткен. Флетчердің өтірігі Ридтің отбасының түбіне жетіп, баласының туған күнінде: «Менің сүйікті әкемнің үнемі өтірік айтуын тоқтатқанын қалаймын» деген бір ғана тілек білдіреді. Осы сәттен бастап, Рид шындық жолында өмір сүре бастайды. Дегенмен, бірқатар оқиғаларда берілген уәдені бұзуға тура келеді.

«Дарынды Рипли мырза» («Талантливый мистер Рипли», 1999), режиссер Энтони Мингелла

Кино тарихының ең жақсы жылдарында түсірілген аталмыш фильм Патрисия Хайсмиттің романынан ерекшеленеді. Мэтт Дэймонның орындауындағы Том Риплии екінші кейіпкер Гринлифті әдейі емес, кездейсоқ өлтіріп алғаны мәлім болады. Гринлиф ретінде Дэймонның кейіпкері Италияға көшіп, қолтаңба арқылы көп ақша алып және әр секунд сайын сәнді өмірден ләззат алады. Фильм өтіріктің табиғаты туралы және ауызша және психологиялық жалғандыққа қалай сендіретіні туралы таңғажайып туынды.

«Доктор Хаус» («Доктор Хаус», 2004), режиссер Грег Йейтэйнс

Грегори Хаустың диагнозы туралы әйгілі медициналық детектив 56 сериялы марапаттарға ие болған. «Бәрі өтірік айтады» деп жиі қайталайтын Доктор Хаустың білімі арқылы ең ауыр науқастарды құтқаруға көмектесетініне сенімді. Ол пациенттердің айтқандарына күмән келтіре отырып, ондағы сәйкессіздіктерді анықтайды және осыған сүйене отырып медициналық шешімдер қабылдайды. Доктор Хаустың арқасында авторлар әлемдік теледидарда осындай жарқын кейіпкерді жасай алды. 

«Мені алда» («Обмани меня», 2009), режиссер Дэниэл Сэкхайм

Тим Ротпен бірге адамдар мен олардың мотивтерін терең көруге мүмкіндік беретін сериалдар 2010-шы жылдардың басында ең танымал болды. Доктор Лайтман әлемді өтірікті оңай басқаруға болатын мимика арқылы тануға үйретеді, сонымен қатар миллиондаған құпия мағыналары бар кездейсоқ сөздерді танып білуге баулиды. Лайтман өзінің күш-қуатын күрделі істерді тергеуде қолданып қана қоймай, көбінесе мінез-құлықты дәл талдай білу арқылы адамдардың өмірін сақтап қалады. Лайтманның шынайы өмір прототипі Калифорния университетінің психология профессоры Пол Экман болып табылады. Ол еңбек жолында ондаған жылдарын алдау теориясын зерттеуге арнаған. Осы орайда, Экман сериалдың сценарий авторларына аталмыш тақырыпты экранда көтеруге кеңес береді.

«Жоғалған» («Исчезнувшая», 2014), режиссер Дэвид Финчер

Гиллиан Флинн кітабінің желісі бойынша түсірілген Дэвид Финчердің фильмі ондаған марапаттар мен номинацияларға ие болды. Ник пен Эми үйлену тойын атап өтпекші болды, алайда мереке күні Эми еш себепсіз жоғалып кетеді. Оқиға болған күні үй ішінде қалған күрес іздері мен кейбір тұспалдар Ник және полицияға Эмидің іздестіруге көмек етеді. Бұл фильм бәрін алдап соғуды, жүздеген дәлелдерді ойлап табуды және күдіктілердің қатарынан шығуды қалай дұрыс жасау керектігін егжей-тегжейлі түсіндіреді. 

madeniportal.kz

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...