«Қара қабылан: Ваканда жасасын!» блокбастері кинотеатрларда қазақ тілінде көрсетіледі

КИНО
2757
Қазақстанда Marvel киноәлемінің жанкүйерлері «Қара қабылан: Ваканда жасасын!» фильмін қазақ тілінде көре алады. Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев кинокартинаның премьерасында еліміз әлемдік деңгейдегі сапалы контентті қазақ тілінде ұсыну бағытында үлкен жұмыс атқарғанын атап өтті.



«Қазақ тіліндегі кинокартиналарға сұраныс артып келеді. Халыққа рейтингі жоғары фильмдерді қазақ тілінде көрсету – идеологиялық тұрғыдан да аса маңызды. Осы мақсатта біз голливудттық жаңа туындыларды ана тілімізге дубляждау бойынша арнайы жобаны қолға алған едік. Тілге деген ең үлкен қолдау – оны қолдану. Бүгінде ана тілімізде сөйлейтін жастар да, оны үйренгісі келетін өзге ұлт өкілдерінің де қатары артып келеді. Сондықтан қазақтілді контентті бірге дамытайық», - деді Дәурен Абаев.

Айта кетейік, «Қара қабылан: Ваканда жасасын!» - Marvel  студиясының қазақ тілінде шығарған жетінші фильмі.

10 қарашадан бастап 16 жастан асқан көрермендер блокбастерді еліміздің барлық кинотеатрларында көре алады.


ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...