Қырғызстанда қазақ киносының күндері өтуде

КИНО
1252

«Ала-Тоо» кинотеатрында Болат Қалымбетовтың «Мұқағали» және Айжан Қасымбектің «От» фильмдері ұсынылады. Шара Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы және Қырғызстанның мәдениет, ақпарат, спорт, жастар саясаты министрлігімен қатар кинематография департаментінің қолдауымен ұйымдастырылды.

«Бішкекте қазақ киносының күндері екі күн қатарынан өтеді. Көрсетілім «Мұқағали» фильмімен ашылады. Бір айта кететін жайт отандық «Талан» фильмінде түскен Қырғыстанның халық әртісі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Жамал Сейдакматова Мұқағали фильмінде ақынның анасы Нағима рөлін сомдады. Жамал апай- қырғыз киносының эпохасы. Оның әр ойнаған образы халық жадында. Өкінішке орай «Мұқағали» оның соңғы фильмі болды, көп ұзамай ол өмірден өтті. Жалпы Қырғыстан киногерлерімен біз әрдайым тығыз жұмыс жасаймыз. Мәселен, Қазақстан кинематографиясына өз үлестерін қосқан белгілі актерлер мен кинооператорлар қатарында Советбек Жумадилов, Аширбек Чокубаев, Болатбек Шамшиев, кинооператорлар Сапар Койчуманов,  Хасан Қыдыралиев сынды қырғыз азаматтары бар» - деді режиссер Болат Қалымбетов.

Мұқағали» фильмі қазақ киносының күндері аясында біратар шет елдерде көрсетілді. Таллинде өткен 25-ші «Қара түндер» (PÖFF) кинофестивалінде қазылар алқасының экуменикалық жүлдесін жеңіп алды. Бұл қазақ киносының тарихында Эстонияда алған ең алғашқы беделді марапат. Сонымен қатар, аталмыш туынды Татарстанда қыркүйек айында өтетін кинофестивалдің негізгі байқауына түсті.

Биыл қазақстандық кино күндерін 15 шет мемлекетте өткізу жоспарланып отыр.

kazakhfilmstudios.kz

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...