Қырғызстанның Ош облысының Қара Суй ауданында 12 жасар бала 6 жасар інісін атқан, деп хабарлады made...
Самал Еслямова Канн кинофестивалінде үздік актриса атанды (фото, видео)
Қазақстандық актриса Самал Еслямова 71 -ші Канн кинофестивалінде «Үздік актриса» аталымын жеңіп алды.
Қазақстандық кинематографшылардың қатысуымен түсірілген «Айка» фильмі 71-ші Канн кинофестивалінің негізгі байқау бағдарламасында көрсетілетіні туралы бұған дейін хабарланған еді. Картинаның қоюшы-режиссері Сергей Дворцевой Шымкенттің тумасы. Оның таспасына қазақстандық актриса Самал Еслямова түсті, ал жобаның продюсерлерінің бірі Гүлнар Сәрсенова болған.
«Айка» картинасы Қырғызстаннан Ресейге келген эмигрант Самал туралы баяндайды. Бойжеткен Мәскеуде заңсыз жұмыс істейді. Аяғы ауыр болып, босанып алған Самал жаңа туған сәбиді перзентханада қалдырып кетеді. Уақыт өте келе қатесін түсінген кейіпкер баласын іздеп табуға тырысады. Драма Ресей, Қазақстан, Германия, Польша және Қытай кинематографшыларының атсалысуымен өндірілген. Бұл фильм Самал Еслямова мен Сергей Дворцевоймен екінші реткі жұмысы. Бұған дейін 2008 жылы «Ерекше көзқарас» бағдарламасында жеңіске жеткен «Қызғалдақ» фильмінде де басты ролді сомадағаны белгілі.
madeniportal.kz