«Мәйіті үйден табылды»: Шымкентте 5-сынып оқушысы өзіне қол жұмсады

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
2376

Шымкентте 5-сынып оқушысы өз-өзіне қол жұмсап, мерт болды, деп хабарлайды Madeniportal.kz Orda.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы жергілікті телеарналар ақпарат таратты. Бала қаладағы N9 IT лицейінде білім алған. Бірақ мектеп басшылығының мәліметінше, оқиға баланың өз үйінде болған.

Оқиғаны полиция растады. Бұл жайт бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Кәмелет жасына толмаған баланың өлімі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. ҚР ҚПК-нің 201-бабына байланысты өзге ақпарат тергеу мүддесіне сай жария етілмейді», - деді Шымкент қалалық ПД баспасөз қызметі өкілі.

Қазір оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қайғылы жағдайда қаза тапқан 14 әскери қызметшінің отбасына жиналған қаржылай көмек табысталды. Қара...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбеде терроризмді насихаттады деп айыпталған ер адам 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айрылды, деп...