Томиристі аса қабылдай алмадым

КИНО
2274

Қазақтың көркем фильмі қазақ тілінде түсіріп, қазақ тілінде көрсету керек еді.(ал титріна маған десе барлық мемлекеттің тілін берсін) Бұл біздің арыла алмай жүрген сорлығымыз ғой, қарап отырып қаның қайнайды екен. Сосын мен голливуд, болливудтардың тарихи фильмдерін, небір атыс-шабыс, шайқас шабуылдарын көріп тастағаннан кейін бе, мына Томиристі аса қабылдай алмай отырдым. Пәленбай ғасыр арттамыз, оларға жету қайдаа деп айтсақ та, бәрібір салыстырып отырады екенсің. Соғыс картиналары бір-біріне өте ұқсас. Жақыннан көрсетсе көпшілік сахна бар сияқты да, артынша жоғарыдан көрсетсе аз. Сосын Вавилионға барғандығы Қояндыдан Қосшыға бара салғандай екен. Өзгеріс жоқ. Басты кейіпкердің түрі бір линияда ғана көрінеді. Ситуациясына қарай характер көрсету жағы көмескі. Жеңіл өлтіре салады, оңай өле салады. Шындыққа жанаспай, сәйкестік келмей жатқан тұстары аз емес. Қысқасы, кейбір суреттеріне сене бермейсің. Ал былай жұмыс бар шығар.

Негізі айтам да, біздің қазақтар фильм, сериал түсіре бастаса болды, түсіру процессін бірден инстаграм, историяға салып отырады. Күшті, шеберлікті ішке, көзге, рөлге емес сыртқа шығарып, өздерін жарнамалап, жариялап отыратындары несі осы.. Әлеуметтік желіге кеткен эмоцияларын, сосын біз оны экраннан іздеп әуре-сарсаңға түсесің. Құдай-ау бұл театр емес қой, әр ойнаған сайын түзеп отыратын, бұл таспаға бір рет қана басылатын болғандықтан кейіпкеріңе, мәтініңе көбірек, тереңірек мән берсейші. Кішкене сабыр сақтап құпия ұстай тұрсайшы, арық сөйлеп, семіз шығып жатсаң көрушінің өзі-ақ кейін өзіңді ұшпаққа шығарады ғой.

Айзат Қадыралиева

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...