Нұрқиса Дәуешов: «Еуразия» кинофестивалін өткізу үшін төрт ай бойы ашық конкурс жүрді

КИНО
2323

«Қазақстанда «Еуразия» кинофестивалі 2005 жылдан бері өткізіліп келеді. Бұл – ТМД және Орталық Азия елдеріндегі ең ірі кинофестивальдердің бірі және  кино әлеміндегі маңызды әрі ауқымды жоба. «Еуразия» кинофестивалі Federation Internationale des Associations de Producteurs de Films (FIAPF) аккредитациясына ие.



Биыл мамыр және қыркүйек аралығында мемлекеттік сатып алу порталы арқылы «Еуразия» халықаралық кинофестивалін ұйымдастыруға және өткізуге ашық конкурс жарияланды. Барлық тиісті рәсім Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес жүргізілді. 

Қазіргі уақытта кинофестивальді өткізуге FIAPF ұйымының аккредитациясына ие компаниямен келісім-шарт жасалды.

Желтоқсан айында барлық талаптарды сақтай отырып, елімізде «Еуразия» кинофестивалі өтетін болады», – деді Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрқиса Дәуешов.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы қаласында 81 жастағы зейнеткерді ұрлап, оның жылжымайтын мүлкін өз атына жаздыруға әрекеттенг...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Белгілі саясаткер әрі қоғам қайраткері Бахыт Түменова өмірден өтті. Бұл туралы мәж...