- 30 градусқа дейін аяз: Қазақстанда күн күрт суытады

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
734

Қазақстанның бірнеше өңірінде 10–11 наурыз күндері ауа температурасы күрт төмендейді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Синоптиктердің болжамынша, түнде кей жерлерде минус 30 градусқа дейін суытуы мүмкін.

Ақмола және Атырау облысында сейсенбіге қараған түні 15–20 градус аяз, Ақтөбе облысында 23–28 градусқа, Қызылорда және Павлодар облысында 7–12 градусқа төмендейді.

Солтүстік Қазақстан облысында сейсенбі түні 25–30 градус аяз, Шығыс Қазақстан облысында 15–20 градус, Жамбыл облысында 7–12 градус, Абай облысында 20–25 градус аяз тіркеледі.

Жетісу облысында сәрсенбі түні ауа температурасы 5–10 градус аязға, ал өңірдің солтүстігі мен таулы аудандарында 15–20 градус аязға дейін төмендейді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ата-ананың өтінішінен кейін жүргізілген жоспардан тыс тексерудің қорытындысы бойынша Қостанай облысы...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Оралда жеке үйдің аумағындағы септикке құлаған сегіз жасар қыз ауруханада көз жұмды. Қайғылы оқиғаны...