«Мәңгілік ел» ұлттық жоспарының отансүйгіштікке толы қағидаларын ескере отырып, елбасы Н...
Түпнұсқадан сәтті шыққан жеті ремейк фильмдер
Бүгінгі таңда киносүйер көрермен фильмдердің ремейктері әрқашан түпнұсқасынан төмен және көркемдік құндылығы жоқ деп санайды. Көптеген көрермендер классикалық картиналардың жаңа нұсқалары тек ақша үшін жасалған деген тұжырымда. Осы орайда, оқырман назарына madeniportal.kz порталы түпнұсқаны басып озған жеті үздік фильмді жинақтады. Мархабат!
«Әлдебір» (1982, реж.: Джон Карпентер)
ХХІ ғасырда Джон Карпентердің «Әлдебір» фильмі ремейк екенін біле бермейді. Фильмнің сюжеті арктикалық станцияда жұмыс істеген кезде бөтен құбыжыққа тап болған американдық ғалымдардың төңірегінде өрбиді. Белгісіз тіршілік иесі адам ағзаларына еніп, оларды танымастай халге жеткізеді. «Әлдебір» сюжеті фантаст Джон У.Кэмпбеллдің «Онда кім бар?» әңгімесіне негізделген. 1951 жылы режиссер Кристиан Найби алғашқы болып «Онда кім бар?» желісімен фильм түсіреді. Режиссер Найби бастапқы кезден-ақ әңгімеден алыстап, бөтен құбыжықты адам емес тәбеті бар антропоморфты өсімдікке айналдырды және бұл оның басты қателігі болған да болар.
«Шыбын» (1986, реж.: Дэвид Кроненберг)
Дэвид Кроненбергтің «Шыбын» фильмін ремейктен гөрі жаңа экрандық нұсқа деп санауға болады. 1958 жылы Курт Нейман түсірген фильмде телепортация құрылғысында жұмыс істейтін талантты ғалым Свете Брандл туралы баяндайды. Басты кейіпкер тәжірибе барысында өзін кездейсоқ ұшып бара жатқан шыбынмен будандастырады. Дэвид Кроненбергтің нұсқасы көбінесе Нейманның сюжетін қайталайды. Дегенмен соңғы нұсқа жантүршігерлік сахналарға толы. Шын мәнінде Дэвид Кроненберг дене қасіреті жанрындағы алғашқы фильмдерінің бірі. Ремейктің тағы бір сөзсіз артықшылығы – басты рөлдегі керемет актер Джефф Голдблумға сол кезде тең келер жұлдыздың болмағаныда бар.
«Мумия» (1999, реж.: Стивен Соммерс)
Әр түрлі уақытта Уэс Кравен, Клайв Баркер және Джордж А.Ромеро «Мумия» ремейкасын жасауға қатысты, ал басты рөлді Дэниэл Дэй Льюис сомдау керек болатын. Фильмнің құқығына ие болған Universal компаниясы жобаға он миллион доллар салуға дайын болды. Дегенмен, режиссер Стивен Соммерстің «Мумиядан» «Индиана Джонс» рухындғы шытырман оқиғаға толы фильм жасау жоспары сәтті аяқталды. Продюсерлер жобаға сексен миллион доллар бөлді, ал басты рөлге танымал актер Брендан Фрейзер шақырылды. «Мумияның» ремейкі өзінің дәуіріне байланысты кейбір көрнекті визуалды әсерлерден кештеу қалған түпнұсқаны басып озды.
«Әйелдің иісі» (1992, реж.: Мартин Брест)
Мартин Бресттің «Оскар» сыйлығына ие болған драмасы 1974 жылғы аз танымал итальяндық фильмді жандандыру болып табылады. Ол өз кезегінде Джованни Арпиноның «Қараңғылық пен бал» романына негізделген. Фильм тағдырдың еркімен отставкадағы соқыр әскери Фрэнк Слэйдтің қасында жүрген жас Чарли Симмстің айналасында өрбиді. Фильмнің Голливудтық нұсқасының сюжеті айтарлықтай ерекшеленеді. Брест өзінің басты кейіпкерін кедей отбасынан шыққан қарапайым студент ретінде көрсе, итальяндық нұсқа жас сарбаз туралы. Американдық «Әйелдің иісі» сонымен қатар актерлік және кейіпкерлер арасындағы динамикаға көп көңіл бөледі. Аль Пачино мен Крис О'Доннеллдің тандемі тандемдық фильмге ерекше әсер сыйлады.
«Шынайы өтірік» (1994, реж.: Джэймс Кэмерон)
Танымал режиссер Джеймс Кэмерон сәтсіз фильмдер түсірмесі анық. Тіпті, оның ремейктары түпнұсқадан асып түсеріне күмән жоқ. «Шынайы өтірік» экшн-фильмі режиссер Клод Зидидің «Жалпы бақылау» атты француз комедиясының негізінде түсірілді. Картинаның басты кейіпкері үкімет үшін жасырын жұмыс істейтін Гарри Таскер. Бір күні ол өзінің жұбайына опасыздық жасады деген күдікпен ізіне түседі. Ұқсас сюжеттік оқиғаларға қарамастан Клод Зиди мен Кэмеронның фильмдері айтарлықтай ерекшеленеді. Бұл орайда Джеймс Кэмерон жеңіл сатиралық комедияны үлкен бюджеттік экшн-фильмге айналдыра білді. Фильмнің табысын артыру үшін Арнольд Шварценеггерді басты рөлге шақырды.
«Жолдан таюшылар» (2006, реж.: Мартин Скорсезе)
Мартин Скорсезенің әйгілі «Жолдан таюшылар» драмасы гонконгтық «Двойная рокировка» экшн-фильмінің ремейкі болып табылады. Фильмнің сюжеті бірге оқыған, бірақ баррикаданың әр түрлі жағында болған екі агенттің айналасында өрбиді. Біреуі мафия тобына жасырын түрде жіберілсе, екіншісі арнайы қызметте жұмыс істейтін мафияның тергеушісі болады. Скорсезе фильмінде оқиғалар американдық Бостонда өтеді. Басты антогонистер ирландиялық қылмыстық топ мүшелері болып табылады. Жалпы алғанда, екі фильм де жақсы. Алайда, Скорсезенің нұсқасы динамика мен әрекетке толы болғандықтан алдыңғы қатарға шығады.
«Оушеннің он бір досы» (2006, реж.: Стивен Содерберг)
«Оушеннің он бір досы» Фрэнк Синатра сомдайтын 1960 жылғы қара-ақ түсті фильмдер кезеңіндегі фильмнің ремейкі екенін бәрі бірдей біле бермейді. Екі фильм де үлкен актерлік ансамбль мен казино тонаудың үздік үлгісін көрсетеді. Дегенмен Стивен Содербергтен фильмі басып озары анық. Оған себеп, бас кейіпкер мен топ мүшелері үшін шешілмейтін түйін жоқ. Фильм түрмеден босағанына небәрі жиырма төрт сағат өтпеген бас кейіпкер Дэнни Оушеннің тарихта болмаған казино тонау жоспарымен басталады. Бір түнде Дэнни осы батыл ұрлықты жасай алатын он бір маманнан команда жинақтайды. Ақылға қонымсыз және күрделі тонау үшін Оушен өз өмірін қатерге тігуге мәжбүр болады.