Қымбат Әбілдақызы: Дастархан басында ата-ана кітап талдаса, балалары да қызығар еді

Фото: ашық дереккөзден

КІТАПТАР
735

ҚР мәдениет қайраткері, “Айгөлек” журналының автор-редакторы Қымбат Әбілдақызы баланың кітап, журналға қызықпауына алдымен ата-анасы кінәлі екенін жеткізді, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

“Айгөлек” журналына 25 жыл толды. Осыған орай сұхбат берген Қымбат Әбілдақызы қазір журналды оқитын балаларда құлшыныс қалмағанын, оған бірден-бір себепші ата-аналар екенін ашық айтты. Балалардың сүйікті журналына айналған “Айгөлектің” авторы ата-ананың алдымен өздері не кітап, не журнал оқымайтындарын, дастархан басында тұщымды әңгіме айтып, бірдеңе талқыламайтынын буыны қатаймаған балаға үлгі бола алмау деп түсіндірді. Баланың ең бірінлі үлгі алатын адамы әкесі мен анасы, бірақ олардың да кітапты қолдарыеа алмауы бізге жетпей жатқан дүние осы екенін айтты. 

“Айгөлекке” деген бұрынғы балалардай қазір құлшыныс жоқ. Оның себебі, ата-ана үйінде бір кітап оқымайды. Не ана оқымайды, не әке оқымайды. Тірі үлгі жоқ үйінде. Бала үшін ең бірінші үлгі әкесі мен анасы. Үйінде біреуі кітап, біреуі журнал оқып жатса, сосын дастарханның басында әке айтса: “Ойпыр-ай менің оқыдым деп жүргенім оқымаған сияқты болды, мынаны қараңыз” деп оқыған кітабынан бір мысал келтірсе әке. Балаға емес, өзінің сүйіктісіне. Мына ойды қараңыз, мына мысаоды қараңыз десе. Ол әйел де іліп әкетіп, “мынау ғажап екен ғой, біз Мағжанды қалай әлі танымаймыз?”, “мынау деген ғажап екен ғой” деп ацтып жіберсе, соны балалары бір күні түсініп-түсінбей тыңдайды. Екінші күні тағы да сол әңгіме жалғасады. Бір мақалды талдайды. Міне, бізде жетпей жатқан нәрсе. Балаларға жетпей жатқан бағыт - ата-ана өздері оқымайды, өздері қолына бір кітап ұстамайды".