Ақпараттық ресурстар қызметі

КІТАПХАНА
2881

 

 

 Ақпараттық ресурстар қызметі ағымдағы келіп түскен құжаттардан  ҚР Ұлттық кітапханасының  электронды ақпаратты-библиографиялық ресурстар қорын түзеді.  Кітапхана қорына жыл сайын түсіп жатқан   дәстүрлі және дәстүрлі емес ақпарат тасушы құралдарда басылып шыққан 20 000 құжатты ғылыми сипаттап, 900 аталым жинақтардан, 4200 дана журнал және 8500 дана  газеттерден алынған мақалалардың аналитикалық сипатталған библиографиялық жазбаларын Ұлттық кітапхананың электронды каталогтарына енгізеді. Электронды каталогтар жылына шамамен 80 000 жаңа библиографиялық  жазбалармен толықтырылады.

Қызмет құрылымы:
- Библиографиялық жазбаларға редакция жасау тобы;
- Кітапхананың web-каталогты қалыптастыру тобы;
- Ұлттық әдебиеттерді өңдеу тобы;
- Шетел әдебиеттерін өңдеу тобы;
- Мерзімді басылымдарды өңдеу тобы;
- Аналитикалық жазбаларды түзу тобы.

Қызметтің негізгі міндеттері:
- ҚР Ұлттық кітапханасының электронды каталогтарын жоғары сапада ғылыми өңделген және аналитикалық сипатталған библиографиялық жазбалармен толықтыру;
- Қазақстандық корпоративтік каталогтау орталығының жұмысын қолдау;
-республикалық және халықаралық деңгейде библиографиялық жазбалармен кітапханааралық алмасу процесін дамыту;
- ҚР Ұлттық кітапханасының электронды жүйедегі мәліметтер қорын қолдау, резервтік көшірмелерін түзу;
- Қызмет саласы бойынша мамандарды үйрету, оқыту, кәсіби шеберлігін жетілдіру.

Қызметтің ақпараттық өнімдері:    
- ЭК «Қазақстан кітаптары» (қазақстандық әдебиет);
- ЭК «Әлем тілдеріндегі басылымдар»;
- ЭК  «Диссертациялар»;
- ЭК  «Авторефераттар;
- ЭК «Басқа ЭК, «Қазақстан кітаптарынан» өзге (орыс және ТМД елдерінің тілдерінде);
- ЭК «Казахстан: прошлое и настоящее» (орыс тіліндегі мақалалар);
- ЭК «Қазақстан: өткені мен бүгіні» (қазақ тіліндегі мақалалар);
- ЭК «Қазақстан шетел басылымдарында» (ағылшын тіліндегі мақалалар).

Қызметтің басылымдары:
- «Қазақстан туралы жаңа әдебиеттер» (ағымдағы мақалалардың библиографиялық көрсеткіші, жылына 2 шығарылым).
- «Новая литература о Казахстане» (текущий библиографический указатель статей, 2 выпуска в год).

Ақылы қызметі:
- Ғылыми мақалалар, авторефераттар мен диссертацияларға УДК индекстерін қойып беру.

 

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...