С. Бегалин атындағы Мемлекеттік балалар кітапханасы Алматы қаласында, Төле би мен Достық даңғылының...
Ғ.Мүсірепов атындағы облыстық балалар-жасөспірімдер кітапханасы
1997 жылы аймақтың кітапханалар жүйесін қайта реформалауға байланысты, облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының негізінде құрылған. Облыстық балалар кітапханасы 1963 жылы қаланың шеткі аймағында мотопоезд ғимаратында ашылған. Кітапхананың алаңы 70м2 құрайды, құрамында 5 адам жұмыс істейді. 1980 жылы кітапханаға Пушкин көшесі жағынан қосымша алаңы 1000м2 қамтитын құрылыс жұмысы жүргізілді. Кітапхана жасөспірімдер арасында кітапты насихаттау, олардың оқуға деген ынтасы мен сұраныстарын қанағаттандыру бағытындағы облыстық кітапханасы үшін әдістемелік орта ретінде құрылды. Қазіргі кезде біріккен кітапханалардың кітап қоры 200 мыңнан астам дана құжаттарды, кітаптарды, күйтабақтарды, слайдтарды, диафильмдерді қамтиды, бұлар қазақ, орыс және өзге де тілдерді жазылған. Сирек баспа қорында төңкеріске дейінгі шығармалар да сақтаулы: Ф.Броктауз бен И.Эфронның энциклопедиялық сөздігі, А.Чехов пен И.Тургеневтің туындылары, өнер жөнінде сирек кездесетін мұралар мен альбомдар, қазақстандық жазушылардың өмір баяндары қамтылған кітаптар бар. Кітапхананың қорын 12 500 адам пайдаланады. Жыл сайын оқырмандардың қолына 315 мыңнан астам әр-түрлі баспа өнімдері, аудио материалдары беріледі. Кішкентай балалар үшін де «Балапан», ал қызықұмар балалар үшін «Таңқаларлық нәрсе жанында», өнерді сүйетін балалар үшін «Бетперде» клубы, жалпы балалар үшін «Мирас» қуыршақ театры, ал жасөспірімдер үшін «Жас отбасы» атты театр жұмыс істейді. Жасөспірімдер бөлімінде жас оқырмандарға арналған «Талапкер» атты ақпараттық қызмет жұмыс жасайды. Қазақстан және ТМД елдерінің жоғары оқу орындары туралы кең ауқымды мәліметтер қоры құрылған. Кітапхана балалар кітапханасының 6 аудандық орталығымен және 7 филиалымен ұйымдық-әдістемелік басшылықты жүзеге асырады, ғылыми тәжірбиелік конференциялар, семинарлар, дөңгелек столдар, жарыстар, шығармашылық кештер өткізеді, кітапхананың тәжірбиесін жетілдіріп отырады. Мұнда жыл сайын әдістемелік-библиографиялық оқу құралдары шығарылады