Ілияс Жансүгірұлының бұрын жарияланбаған шығармалары жарық көрді

ашық дереккөзден алынған

КІТАПХАНА
279

Ілияс Жансүгірұлының төте жазумен ғана жарық көрген шығармалары ақынның алғашқы туындысының атымен қазіргі қазақ әліппесіне аударылып, оқырмандарға ұсынылды. Кітапты құрастырған және ғылыми түсініктеме берген - алаштанушы ғалым Елдос Тоқтарбай, деп хабарлады madeniportal.kz.

«Ілияс Жансүгірұлы — менің сүйікті ақыным. Өрен жүйріктің 130 жылдығына орай деп неше жыл ұйқы көрмей түнімен жұмыс қылып едім, міне, соның нәтижесі ретінде алғашқы кітап (Беташар. Бұрын жарияланбаған шығармалар) қолыма тиді. Аллаға шүкір! Енді, бұйыртса, 4 кітап басылып жатыр… Бәрі сәтімен болсын! “Беташар” — ақынның алғашқы кітабы (1927). Сол алғашқы кітабының атымен бұрын жарияланбаған шығармаларын қайтадан жинақтап, оқырман назарына ұсындым. Қабыл алыңыздар!», – деді кітапты құрастырушы Елдос Тоқтарбай.

Бұл кітапқа Ілияс Жансүгірұлының “Беташар”, “Өтірік”, “Сағанақ”, “Балаларға базарлық”, “Жаңа жолда”, “Құл” т.б. еңбектері енген.

«Осы кітабымды Ильфа Ілиясқызының рухына арнадым. Аяулы апамның рухы шат болсын! Бұл кітапқа пікір жазып, әрқашан мені қолдап жүретін алаштану мен әдебиеттанудағы қос алыбым, аяулы Тұрсын Құдакелдіұлы мен Айгүл Серікқызы ұстаздарыма және досым Жаңагүл Шыңғысханқызына ризашылық айтамын» – деді алаштанушы ғалым.

Айта кетейік, кітап Жетісу облысы әкімінің қолдауымен жарық көрді.

 

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...