Қазақ композиторлары ұлттық құрамаға күй арнады

Фото: ашық дереккөзден

КҮЙ
2868

Олимпиада ойындарына қатысушыларға арналған виват: Қазақ композиторлары ұлттық құрамаға күй арнады, деп хабарлайды madeniportal.kz orda.kz тілшісіне сілтеме жасап.  

Қарағандылық жас композиторлар Жәнібек Қазбекұлы мен Бексұлтан Имашевтен құралған Сардар дуэті «Намыс» күйін Қазақстанның Олимпиада құрамасына арнады.

«Күй жылдам қарқынмен орындалады. Онда қазақ батырларының бейнелерін көруге болады. Бұл күй жалпы жастарымыздың патриоттық рухын дамыту мақсатында жасалған. Бексұлтанмен бірге Сардар дуэтін құрдық. «Намыс» күйін репертуарымызға енгізуді жоспарлап отырмыз. Спортшыларымыз ел намысын лайықты қорғағаны бізді шабыттандырғаны, эмоцияның даулын тудырғаны сөзсіз», – дейді Жәнібек Қазбекұлы. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қостанай қаласында КамАЗ жүк көлігі мен сегіз жастағы баланың қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Ве...

Шоу-бизнес

Танымал әнші әрі кино продюсер Мерік Ибрагимов отандық подкастардың бірінде әріптестеріне ренжулі ек...