Астанада шетелдіктерден бір келіден астам есірткіге ұқсас зат тәркіленді

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
20

Елордада полиция есірткі сақтап, таратты деген күдікпен 21 және 37 жастағы екі шетел азаматын ұстады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Жедел іздестіру шаралары барысында күдіктілер мінген Changan автокөлігі тексерілді. Көлік салонындағы чемоданнан белгісіз зат салынған үш пакет пен сұйықтық құйылған капсулалар табылды. Осыған ұқсас заттар ұсталғандардың бірінің сөмкесінен де шыққан.

Тәркіленген заттардың жалпы салмағы бір келіден асады. Олардың барлығы сараптамаға жіберілді.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Екі күдікті де уақытша ұстау изоляторына қамалды.

СПОРТ

Қазақстандық еркін күрес шебері Нұрқожа Қайпанов Астанада өтіп жатқан 2026 жылғы әлем чемпионатының...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жаңа адамдар Бұқара қаласында өткен жер мен су ресурстарын тұрақты басқаруға арналған LESLIE SLM 202...