Қорқытып, 17 млн теңге талап еткен: Қостанайда екі күдікті ұсталды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
23

Қостанайда тұрғынды күш қолданумен қорқытып, одан 17 миллион теңге талап етті деген күдікпен бұрын сотталған екі ер адам ұсталды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Мәліметке сәйкес, күдіктілер қыркүйек айынан бері жәбірленушіге қоқан-лоқы көрсетіп келген. Олар күш қолданамыз деп қорқытып, ірі көлемде ақша беруді талап еткен.

Екі ер адам ақшаны алу кезінде қолға түскен. Ұсталғандардың екеуі де бұған дейін сотталғаны белгілі болды.

Тінту барысында 4,4 миллион теңге, Kia Sportage автокөлігі және ұялы телефондар тәркіленген.

Қазір екі күдікті де тергеу изоляторына қамалды. Істің өзге мән-жайы туралы қосымша ақпарат берілген жоқ.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жаңа адамдар Бұқара қаласында өткен жер мен су ресурстарын тұрақты басқаруға арналған LESLIE SLM 202...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ресейдің Новокузнецк қаласында дәрігердің үйінде сүндеттелген баланың жағдайы күрт нашарлап, жыныс м...