“200 мың сұрағанда да бермеген”: Танымал әнші әріптестеріне ренжулі екенін айтты

Фото: видеодан скриншот

Шоу-бизнес
160

Танымал әнші әрі кино продюсер Мерік Ибрагимов отандық подкастардың бірінде әріптестеріне ренжулі екенін айтты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

“Заманbakc” фильмі арқылы кино әлеміне қадам жасап, продюсерлікті бастаған Серік Ибрагимов өз шындығын ашық айтты. Ол алғашқы киносын 1 миллион теңгемен бастағанын, тәуекел еткенін, біраз адамдардан сол үшін ақша сұрағанын айтқан. Бір қызығы, әнші 500 мың, 200 мың сұрағанда да ақша бермей, өзіне сенбегендерге ренжулі екенін жасырмаған. 

"Кино түсірем дегенде ешкім сенген жоқ. Барлығы келеді де “Нестеп жатсың, қадаласың” деді. “Мен жігітпін, тәуекел етіп көрейін, қолдамайсыңдар ма? Нәтижесін күтсеңдерші” дегем. Мен 1 миллион теңгемен бастадым. Әркімнен қарыз сұрадым. Сөйтім ақша жинап, 140 миллионға кино түсірдім. Бірақ, көп досым қолдаған жоқ. Қолдағандар саусақпен санарлықтай. Сол кезде мен бәріне ренжім қалғам. “Мен әншімін ғой, 1 тойға кіріп тауып беремін, 500 мың, 200 мың теңге берші” деп сұрасам да бермеген” - деп айтқан Серік Ибрагимов. 

Әнші сөз арасында өзін қолдап, сенім білдіргендердің арасында әйелі мен туыстарынан бөлек Мейрамбек Беспаевты атап өткен. Өнер иесінің айтуынша Мейрам Беспаев әншінің бұл қадамына қолдау білдірген. 

Серік Ибрагимов сол сәттерде әйелімен келісімге келгені туралы да айтқан. Ол кино түсіріп бірақ нәтижесінде минусқа кетсе үйді сатып, қарыздарды жабамыз деп келіскен. 

"Мен тәуекел етем, түсірем. Сол кезде кино 80 миллиондай шығады деп ойладым. Минусқа кететін болсақ қарыздарды жабамыз, келісесің ғой деп айттым. Әйелім: Болды, бірақ сен ұтылмайсың” деді”. 

Айта кетейік, әншінің кино продюсер ретінде бастаған алғашқы киносы “Заманback” 1,5 миллиард пайда тапқан.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қостанай қаласында КамАЗ жүк көлігі мен сегіз жастағы баланың қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Ве...

СПОРТ

Англияның «Бёрнли» клубының бас бапкері Фабио Челестини Чемпионшип матчына жарақатына ба...