Қорды қабылдап алу, бақылау және толықтыру қызметі

КІТАПХАНА
2491

Негізгі бағыттары:

- ҚР Ұлттық кітапханасының қорын кітапхананың тақырыптық-құрылымдық үлгісіне сәйкес жүйелі түрде отандық баспа басылымдарының,  Қазақстан туралы әлем халықтарының тілдерінде басылып шыққан кітаптар мен басқа да құжаттардың,   ТМД және шетел баспа басылымдарының барлық түрлерінің топтамаларымен  толықтыру; 
- Кітапхана қорын толықтыруды әмбебап құрамды, әралуан түрдегі және тілдегі барлық басылымдар мен құжаттарды жинақтау арқылы қамтамасыз ету; 
- Республикалық бюджет бағдарламасынан бөлінген қаржыны әдебиеттер және мерзімді басылымдар түрлерін сатып алуда тиімді пайдалану.

Негізгі қызметтері: 

- ҚР Ұлттық кітапханасының қорын толықтырудың тақырыптық-құрылымдық  үлгісін жасау және іске асыру; 
- ағымдағы және ретроспективті кітап қорын толықтыру ісін кітапхананың басқа  құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп жүргізу; 
- ҚР Ұлттық кітапхана қоры қозғалысының санағын жүргізу; 
- баспа басылымдарының міндетті даналары, сатып алу, сыйға алу, кітап алмасу (ТМД елдерінен және халықаралық кітап алмасу), мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар секілді қорды толықтырудың негізгі көздерімен жұмыс жүргізу; 
- Кітапханаға түскен басылымдарды АБИС бағдарламасының «Қорды торлықтыру» модулі бойынша қабылдау, қадағалау, есепке алу, тіркеу, техникалық өңдеу, компьютерге енгізу және оны тиісті бөлімдерге тапсыру.     

Құрылымы: 

- Қазақстан Республикасының басылымдарымен толықтыру секторы; 
- ТМД елдерінің басылымдарымен толықтыру секторы; 
-  Шет ел басылымдарымен толықтыру және Халықаралық кітап алмасу секторы; 
-  Мерзімді басылымдармен толықтыру тобы. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алда Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатқандықтан, кейбір адамдар арасында оны атап өтуге бола ма, б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында кешелі бері қатты жел соғып, дауыл тұрды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Салдарын...