«Алашқа тұлға болған – Тана Мырза» атты республикалық жыр мүшайрасы жарияланды

ӘДЕБИЕТ
1497

Қазақ тарихының қатпарлы кезеңдерінде елдің бірлігі мен намысын ту еткен, билігімен де, мәрттігімен де жұрт жадында қалған тұлғалар бар. Солардың бірі – Тана Мырза Тілемісұлы. Ол – ел басқарудың парасатты үлгісін көрсеткен, әділдігімен танылған, Алаш руханиятының тамырымен сабақтас қайраткер тұлға.

Ұлт тарихындағы осындай ірі есімдерді жаңғырту – бүгінгі ұрпақтың парызы. Тана Мырзаның елдік жолы, азаматтық болмысы, қайраткерлік келбеті – тек өткеннің мұрасы ғана емес, бүгінгі тәуелсіз сананың темірқазығы. Оның өмірі мен қызметі – жас буынға өнеге, елдік мұратқа адалдықтың айғағы.

Осы мақсатта ұйымдастырылып отырған «Алашқа тұлға болған – Тана Мырза» атты республикалық жыр-мүшайра – ұлт рухын асқақтатуға бағытталған әдеби бастама. Бұл жыр додасы арқылы Тана Мырзаның тарихи бейнесін поэзия тілінде жаңғырту, жаңа шығармашылық ізденістерге жол ашу, қазіргі қазақ поэзиясының қуатын таныту көзделеді.

Мүшайра – тек байқау емес, ол – тағзым. Ол – тарихқа құрмет, тұлғаға тағылым, сөз өнеріне сенім.

Ұйымдастырушы – Тана Мырза атындағы қоғамдық қоры.

 

ЕЛ БИЛЕГЕН КӨШБАСШЫ ӘРІ МЫРЗАЛЫҒЫМЕН ТАНЫЛҒАН ТАНА МЫРЗА ТІЛЕМІСҰЛЫНА АРНАЛҒАН «АЛАШҚА ТҰЛҒА БОЛҒАН – ТАНА МЫРЗА» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖЫР-МҮШАЙРАСЫ

«Алашқа тұлға болған – Тана Мырза» атты республикалық жыр-мүшайрасының

            ЕРЕЖЕСІ

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ

1. «Алашқа тұлға болған – Тана Мырза» атты республикалық жыр мүшайрасының қорытындысы 2026 жылдың  маусым айында  Абай облысы, Ақсуат ауданында жарияланады;

2. ЖЫР МҮШАЙРАСЫНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ:

2.1. Қазақ халқының тарихында ерекше орын алатын  Тана Мырза Тілемісұлының есімін жас  ұрпақ санасында жаңғырту,  ұлтжандылық қасиеттерін арттыру, ерлігін дәріптеу арқылы ұлт рухын асқақтату;

2.2. Ұлттық әдебиетімізді   рухты, тың туындылармен толықтыру, қазіргі қазақ поэзиясының талантты өкілдерін қолдау, жаңа есімдердің танылуына жол ашу:

 

3. ЖЫР МҮШАЙРАСЫН ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ МЕН ШАРТТАРЫ:

 

3.1.Байқауға екі тақырыпқа арнап жазылған шығармалар қабылданады:

1. «Алашқа тұлға болған – Тана Мырза» атты  Тана Мырза Тілемісұлы  туралы поэзиялық шығармалар;

2. Еркін тақырыптағы өлең;

3.2  Жыр мүшайрасына қатысушылардың жасына шектеу қойылмайды;

3.3. Шығармалар электрондық нұсқада Microsoft Word форматында (14 шрифт), жол арасы 1 интервал) Times New Roman қарпімен) ұсынылуы қажет;

3.4. Жыр мүшайрасына бұрын еш жерде жарияланбаған жаңа шығармалар ғана қабылданады;

3.5. Тақырыпқа сай келмейтін, көркемдігі төмен шығармалар қазылар алқасына ұсынылмайды.

3.6. Жүлде қорын ұйымдастырушылар тарапы өзгерте алады.

3.7. Мүшайраға қатысушы шығармасын, қысқаша өмірбаянын, суретін,  байланыс нөмірін tana_myrza@mail.ru эл. поштасына   жібереді.

3.8. Жүлдегерлердің жол шығыны жіберуші жақтан төленеді;

 

4. ЖЫР МҮШАЙРАСЫНЫҢ МЕРЗІМІ:

 

4.1. Жыр мүшайрасына қатысатын шығармаларды 2026  жылдың  мамыр айына дейін жіберуі тиіс ;

4.2. Қабылданған шығармалардың ішіндегі  ең үздік өлең авторлары  2026 жылы масуым айында Абай облысы, Ақсуат ауданында марапатталады.

 

5. ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫ:

 

5.1. Қазылар алқасы танымал ақындардан құралады.

 

6. ЖҮЛДЕ ҚОРЫ:

 

Бас жүлде – 800 000

І орын – 550 000 теңге

ІІ орын - 450 000 теңге.

ІІІ орын - 300  000 теңге

Арнайы жүлде - 150 000  теңге (үш адамға)

 

Ұйымдастырушы: Тана Мырза атындағы қоғамдық қоры

Шоу-бизнес

Танымал әнші Жазира Байырбекованың сіңлісі, бес баланың анасы Нәзира Байырбекова күйеуімен ресми түр...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ұлттық ұланның "Бүркіт" арнайы жасағы тарихында алғаш рет қыз жауынгер қызметке кірісті. "Китан...