Алматыда Жүкел Хамайдың «Шөптен туып, шөпке сіңемін...» атты шығармашылық кеші өтеді

ӘДЕБИЕТ
4431

27 қыркүйек күні, сағат 16.00-де Алматыдағы Қазақстан Жазушылар одағының ғимаратында ақын, аудармашы Жүкел Хамайдың "Шөптен туып, шөпке сіңемін..." атты шығармашылық кеші өтеді, деп хабарлайды "Мәдениет порталы". 

Жүкел Хамай Абай Құнанбайұлының толық шығармаларын Моңғол тіліне көркем аударғаны үшін Түрік тілдес халықтар ІІ поэзия фестивалінің лауреаты атанған.  «Шуақты сезім» (1986), «Жылу, сәуле» (1987), «Топырақ-тозаң» (1989), «Ақтық сөз» (1992) ұжымдық жинақтарына өлеңдері енген. Құран сүрелерін, Абайдың қара сөздері мен өлеңдерін, Сейітхан Әбілқасымұлының «Қара боран» романын, М.Егеуханның «Ару арманы» жинағын, Махамбет Өтемісүлының жырларын, Мұхтар Мағауиннің «Шыңғыс ханның шарапаты» шығармасын, Жамбыл Жабаев, Ақыт Үлімжіұлы, Мағжан Жұмабаев, Мүқағали Мақатаев, Төлеген Айбергенов, Жұмекен Нәжімеденов, Олжас Сүлейменовтің шығармаларын Моңғол тіліне аударған.   

author

Жүкел Хамайұлы

АҚЫН

ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы бір адам ауруханаға жеткізілді. Ресми емес мәлімет бойынша, ол да бала, деп хабарлады MadeniPor...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық UFC жауынгері Шавкат Рахмоновтың емдеуші дәрігері спортшының толық қалпына келгенін жән...